О внесении изменений в постановление акимата района от 14 марта 2005 года № 63 «Об утверждении Правил предоставления социальной помощи на санаторно - курортное лечение отдельным категориям граждан» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Азаматтардың бір қатар санаттарына санаторлы-курорттық емдеуге әлеуметтік көмекті ұсыну Ережелерін бекіту жөнінде» аудан әкімдігінің 2005 жылғы 14 наурызындағы № 63 қаулысына өзгертулер енгізу туралы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы № 148 Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39-ІІІ Заңының 20 бабының 3 тармағына ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
«Азаматтардың бір қатар санаттарына санаторлы-курорттық емдеуге әлеуметтік көмекті ұсыну Ережелерін бекіту жөнінде» 2005 жылғы 14 наурызындағы № 63 қаулысына (2005 жылғы 31 наурыздағы тіркеу нөмірі 1563, 2005 жылғы 13 мамыр «Ауыл арайы-Сельская новь» № 21, 2005 жылғы 3 маусымдағы № 24) мына өзгертулер енгізілсін: Азаматтардың бір катар санаттарына санаторлы-курорттық емдеуге әлеуметтік көмекті ұсыну Ережесінің 1 тарауының 3 тармағынын 8) тармақшасындағы «зейнеткер жасындағы мүгедектерге» сөзі «мүгедектерге» сөзімен алмастырылсын.