О внесении изменений в постановление акимата района от 14 марта 2005 года № 63 «Об утверждении Правил предоставления социальной помощи на санаторно-курортное лечение отдельным категориям граждан» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жеке санаттағы азаматтардың санаторлы-курорттық емдеулеріне әлеуметтік көмек беру Ережесін бекіту туралы» аудан әкімдігінің 2005 жылғы 14 наурыздағы № 63 қаулысына өзгерту енгізу туралы «Қазакстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Рсопубликасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 28 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
«Жеке санаттағы азаматтардың санаторлы-курорттық емделулеріне әлеуметтік көмек беру Ережесін бекіту туралы» Аудан әкімдігінің 2005 жылғы 14 наурыздагы № 63 қаулысына (2005 жылғы 31 наурыздағы тіркеу нөмірі 1563, «Ауыл арайы-Сельская новь» 2005 жылғы 3 маусымдағы № 24, 2005 жылғы 13 мамырдағы № 21) келесі өзгерістер енгізілсін: осы қаулымен бекітілген жеке санаттағы азаматтардың санаторлы-курорттық емделулеріне әлеуметтік көмек беру Ережесінің: 1-тармағы мына редакцияда баяндалсын: «1. Жеке санаттағы азаматтардың санаторлы-курорттық емделулеріне әлеуметтік төлемдерді ұсынудың осы Ережесі (әріде- Ереже) санаторияларда, профилакторияда және пансионаттарда тегін санаторлы-курорттық емделуден өту үшін жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлем беру тәртібі мен шарттарын анықтайды».