О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 14 декабря 2006 года N 1204 и от 15 декабря 2006 года N 1220 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 1204 және 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
"2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 1204 қаулысында :
көрсетілген қаулыға 7-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:
2) "2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220 қаулысында :
көрсетілген қаулыға 169-қосымшада :
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
1806 мүгедекке ымдау тілі мамандарының қызметтерін ұсыну, мүгедектерді 1873 жеке көмекші мүгедектерді өз қызметтерімен қамтамасыз ететін болады, 8683 мүгедек міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етіледі, оның ішінде облыстар және қалалар бойынша:
Ақмола - 105, 92, 664;
Ақтөбе - 10, 53, 745;
Алматы - 25, 102, 728;
Атырау - 52, 60, 363;
Шығыс Қазақстан - 152, 53, 819;
Жамбыл - 70, 62, 164;
Батыс Қазақстан - 150, 535, 594;
Қарағанды - 181, 137, 442;
Қызылорда - 123, 126, 783;
Қостанай - 249, 58, 501;
Маңғыстау - 37, 27, 293;
Павлодар - 166, 64, 157;
Солтүстік Қазақстан - 100, 45, 430;
Оңтүстік Қазақстан - 151, 86, 842;
Астана - 152, 300, 324;
Алматы - 83, 73, 834 тиісінше.
Түпкі нәтиже: мүгедектерді әлеуметтік оңалту бойынша ұсынылатын қызметтердің қол жетімділігін және оның сапасын кеңейту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: орта есеппен алғанда жеке көмекшінің қызметтері айына - 10188 теңге сомасында, ымдау тілі маманының қызметі жылына 30 сағат сурдоаудармаға 37913 теңге, міндетті гигиеналық құралдар айына - 2 912 теңге сомасында болады. Уақтылығы: ай сайын.
Сапа: қабылданған шаралар мүгедектердің қоғамға кірігуіне ықпал ететін болады.".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшілердің қызметтер көрсетуіне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы»26 қарашадағы
N 1135 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 14 желтоқсандағы
N 1204 қаулысына
7-қосымша
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшілердің қызметтер көрсетуіне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу
мың теңге
Р/с
N
Облыстар мен
қалалардың
атауы
Шығыстар
сомасы
Міндетті
гигиена-
лық
құралдар
Жеке
көмек-
шілердің
қызмет
көрсетуі
Ымдау
тілі
маман-
дарының
қызмет
көрсетуі
1
2
3
4
5
6
Барлығы
600852
303402
228979
68471
1.
Ақмола облысы
40309
25500
12069
2740
2.
Ақтөбе облысы
46714
41264
5237
213
3.
Алматы облысы
39639
27836
10559
1244
4.
Атырау облысы
21250
15790
4747
713
5.
Шығыс Қазақстан
облысы
43014
28453
9201
5360
6.
Жамбыл облысы
17947
8700
6067
3180
7.
Батыс Қазақстан
облысы
44148
16013
22386
5749
8.
Қарағанды облысы
75906
31246
36715
7945
9.
Қостанай облысы
32781
15125
12166
5490
10.
Қызылорда облысы
38925
11024
22582
5319
11.
Маңғыстау облысы
17003
11186
4967
850
12.
Павлодар облысы
28271
7913
12925
7433
13.
Солтүстік
Қазақстан облысы
32500
17809
10303
4388
14.
Оңтүстік
Қазақстан облысы
56261
24552
24157
7552
15.
Алматы қаласы
31772
16891
11246
3635
16.
Астана қаласы
34412
4100
23652
6660