О внесении изменений и дополнения в постановления Правительства Республики Казахстан от 14 декабря 2006 года N 1204 и 15 декабря 2006 года N 1220 Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 1204 және 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1) "2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 1204 қаулысында : көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: II "Шығындар" бөлімінде: 13 "Өзге" функционалдық топтың: 04 "Табиғи монополияларды реттеу" ішкі функциясында: 203 "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі" әкімшісі бойынша: 001 "Табиғи монополия субъектілерінің қызметін реттеуді, бақылауды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша: 001 "Орталық органның аппараты" кіші бағдарламасындағы "732628" деген сандар "688628" деген сандармен ауыстырылсын; 009 "Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру" кіші бағдарламасындағы "8209" деген сандар "52209" деген сандармен ауыстырылсын; 2) "2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220 қаулысында : көрсетілген қаулыға 41-қосымшада : "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің реттік нөмірі 5-жолының 5-бағаны "Агенттіктің орталық аппараты мен оның аумақтық органдары үшін автокөлік сатып алу" деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 1204 және 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 қыркүйектегі N 784 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармақты қоспағанда, осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.