О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 декабря 2006 года N 1204 Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.10.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 1204 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 1204 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: ІІ "Шығындар" бөлімінде: 01 "Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер" функционалдық тобында: 02 "Қаржылық қызмет" ішкі функциясында: 600 "Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі" әкімшісі бойынша: 001 "Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша: 001 "Орталық органның аппараты" кіші бағдарламасы бойынша "538431" деген сандар "521606" деген сандармен ауыстырылсын; 017 "Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету" кіші бағдарламасы бойынша "5175" деген сандар "22000" деген сандармен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.