О внесении изменений в постановление акимата от 14 апреля 2006 года № 106 «О корректировании средней урожайности (продуктивности), приведенной в нормативной карточке, а также цен, представляемых органами статистики для исчисления дохода от личного подсобного хозяйства, при назначении ежемесячного государственного пособия на детей до 18 лет» Күшін жойған
Басқа 0
Әкімдіктің 2006 жылғы 14 сәуірдегі № 106 «18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда нормативтік карточкада келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 14 тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 «Балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы туралы «Қазақстан Республикасының Заңдарының кейбір шараларын іске асыру туралы» қаулысымен бекітілген балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу Ережесінің 30 тармағына сәйкес Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. (Мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-11-35 2006 жылғы 12 мамырдағы) Новый путь-Бозторғай 2006 жылғы 26 мамырдағы № 25 Қамысты ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 14 сәуірдегі №106 «18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда нормативтік карточкада келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы» қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
50 пайызға азайту жолымен құрғақ дала аймағында жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табысты есептеу үшін нормативтік карточкада келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), есепке алынуына түзету белгіленсін.
2) 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
50 пайызға азайту жолымен 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындағанда жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары 2006 жылға ұсынатын бағаларды түзету белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ерболат Баекеұлы Бекмұхамедовке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап 10 күннен кейін қолданысқа енгізіледі.