О внесении дополнения в постановление акимата от 14 ноября 2006 года № 1146 «Об утверждении Инструкции об организации и финансировании общественных работ и перечня предприятий, предоставляющих рабочие места для организации общественных работ на 2007 год по городу Лисаковску» Қолданыста
Басқа 0
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы нұсқаулықты және 2007 жылға арналған Лисаков қаласы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жұмыс орындарын ұсынатын кәсіпорындардың тізбесін бекіту туралы" әкімдіктің 2006 жылғы 14 қарашадағы № 1146 қаулысына толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы»
Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына,
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7, 20 -
баптарына, «Халықты жүмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының
2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836
қаулысымен бекітілген коғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен
қаржыландырудың ережелеріне сәйкес, жұмыссыздықпен туындаған
әлеуметтік проблемаларды шешу мақсатында, Лисаков қаласының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы
нұсқаулықты және 2007 жылға арналған Лисаков қаласы бойынша қоғамдық
жұмыстарды ұйымдастыру үшін жұмыс орындарын ұсынатын кәсіпорындардың
тізбесін бекіту туралы» өкімдіктің 2006 жылғы 14 қарашадағы № 1146
(нормативтік қүқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 9-4-66 болып
тіркелген, 2006 жылғы 28 желтоқсандағы № 52 «Лисаковская новь» газетінде
жарияланған) қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
қаржыландыру туралы нұсқаулыққа мынадай мазмұндағы 12-1 тармақпен
толықтырылсын:
«Қалалық бюджет қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың тиісті жылға
арналған республикалық бюджет туралы Заңмен белгіленген екі ең төменгі
жалақыға дейінгі мөлшерде еңбекақысын төлеуге, мемлекеттік сақтандыру және әлеуметтік салық қорына әлеуметтік аударымдарға жұмыс берушілердің шығыстарын өтейді».
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау Лисаков қаласы әкімінің
орынбасары В.В. Абоимоваға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оны алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.