О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 декабря 2006 года № 1204 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 1204 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 91-бабы 6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан
Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 1204 қаулысына мынадай
толықтыру енгізілсін:
10-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) 2007 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен 25000000000 (жиырма бес миллиард) теңгеден аспайтын сомаға алынған қарыз бойынша негізгі борышты мерзімінен бұрын өтеуді жүзеге асырсын.".
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.