О внесении изменений в решение маслихата от 14 декабря 2006 года № 224 «О районном бюджете Карасуского района на 2007 год» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қарасу ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» мәслихатының 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 224 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қарасу ауданы әкімдігінің қаулысын қарап, және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Қарасу ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджетi туралы» мәслихатының 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 224 шешіміне (2006 жылғы 26 желтоқсандағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-13-22, 2006 жылғы 29 желтоқсандағы «Қарасу өңірі» № 41) өзгерістер енгізілсін. Көрсетілген шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «1. 2007 жылға арналған аудандық бюджеті 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер – 882 175 мың теңге, оның ішінде мыналар бойынша: салықтық түсімдер – 276 185 мың теңге; салықтық емес түсімдер – 630 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсімдер – 9 400 мың теңге; ресми трансферттердің түсімдер – 595 960 мың теңге, оның ішінде облыстық бюджеттен субвенциясы – 375 277 мың теңге; 2) шығыстар – 885 722 мың теңге; 3) операциялық сальдо – 3 547 мың теңге; 4) бюджет тапшылығы – 3 547 мың теңге; 5) бюджет тапшылығын қаржыландыру – 3 547 мың теңге. Көрсетілген шешімге 1, 2-қосымшалар осы шешімге 1, 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. 2007 жылға аудандық бюджеті
Мәслихатының 2007 жылғы 16 қаңтардағы № 236 шешіміне 1 қосымша 2007 жылға аудандық бюджеті
Басқа 4. 2007 жылға арналған аудандық бюджетін дамыту бюджеттік бағдарламаларының тізбесі
Мәслихатының 2007 жылғы 16 қаңтардағы № 236 шешіміне 2 қосымша 2007 жылға арналған аудандық бюджетін дамыту бюджеттік бағдарламаларының тізбесі