О внесении изменений в решение маслихата от 14 декабря 2006 года № 224 «О районном бюджете Карасуского района на 2007 год» Қолданыста
Басқа 0
«Қарасу ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» мәслихатының 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 224 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қарасу ауданы әкімдігінің қаулысын қарап, және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1.«Қарасу ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджетi туралы» мәслихатының 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 224 (2006 жылғы 26 желтоқсандағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-13-22, 2006 жылғы 29 желтоқсандағы «Қарасу өңірі» № 41) шешіміне өзгерістер енгізілсін, бұрын «Қарасу ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджетi туралы» мәслихатының 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 224 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәслихатының 2007 жылғы 16 қаңтардағы № 236 шешімімен (2007 жылғы 24 қаңтардағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-13-24, 2007 жылғы 2 ақпандағы «Қарасу өңірі» № 5) шешіміне өзгерістер енгізілді.
Көрсетілген шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2007 жылға арналған аудандық бюджеті 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 888 175 мың теңге, оның ішінде мыналар бойынша: салықтық түсімдер – 282 332 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 483 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсімдер – 9 400 мың теңге;
ресми трансферттердің түсімдер – 595 960 мың теңге, оның ішінде облыстық бюджеттен субвенциясы – 375 277 мың теңге;
2) шығыстар – 891 722 мың теңге;
3) операциялық сальдо – 3 547 мың теңге;
4) бюджет тапшылығы – 3 547 мың теңге;
5) бюджет тапшылығын қаржыландыру – 3 547 мың теңге.
Көрсетілген шешімге 1-қосымша осы шешімге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
«Қарасу ауданы бойынша
салық комитеті» мемлекеттік
мекемесінің төрағасы
______________ Ғ. Шоқметов
«Қарасу ауданы әкімдігінің
қаржы бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығының
міндеттерін атқарушысы
______________ Е. Бухаленко
«Қарасу ауданы әкімдігінің
экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_______________ Л. Евсюкова
Басқа 3. 2007 жылға аудандық бюджеті
Мәслихаттың
2007 жылғы 30 сәуірдегі
№ 264 шешіміне 1 қосымша
2007 жылға аудандық бюджеті