О внесении изменений в решение маслихата от 14 декабря 2006 года № 224 «О районном бюджете Карасуского района на 2007 год» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.07.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қарасу ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» мәслихатының 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 224 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қарасу ауданы әкімдігінің қаулысын қарап, және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1.«Қарасу ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджетi туралы» мәслихатының 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 224 (2006 жылғы 26 желтоқсандағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-13-22, 2006 жылғы 29 желтоқсандағы «Қарасу өңірі» № 41) шешіміне өзгерістер енгізілсін, бұрын «Қарасу ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджетi туралы» мәслихатының 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 224 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәслихатының 2007 жылғы 16 қаңтардағы № 236 шешімімен (2007 жылғы 24 қаңтардағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-13-24, 2007 жылғы 2 ақпандағы «Қарасу өңірі» № 5), бұрын «Қарасу ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджетi туралы» мәслихатының 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 224 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәслихатының 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 264 шешімімен (2007 жылғы 8 мамырдағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-13-36, 2007 жылғы 25 мамырдағы «Қарасу өңірі» № 19) шешіміне өзгерістер енгізілді. Көрсетілген шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «1. 2007 жылға арналған аудандық бюджеті 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер – 910 461 мың теңге, оның ішінде мыналар бойынша: салықтық түсімдер – 308 685 мың теңге; салықтық емес түсімдер – 483 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсімдер – 9 400 мың теңге; ресми трансферттердің түсімдер – 591 893 мың теңге, оның ішінде облыстық бюджеттен субвенциясы – 375 277 мың теңге; 2) шығыстар – 914 008 мың теңге; 3) операциялық сальдо – 3 547 мың теңге; 4) бюджет тапшылығы – 3 547 мың теңге; 5) бюджет тапшылығын қаржыландыру – 3 547 мың теңге. Көрсетілген шешімге 1-қосымша осы шешімге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Келісілді: «Қарасу ауданы бойынша салық комитеті» мемлекеттік мекемесінің төрағасының уақытша міндетін атқарушы ______________ М. Сакауов «Қарасу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығының міндетін атқарушы ______________ Е. Бухаленко «Қарасу ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы ______________ Л. Евсюкова
Басқа 3