О реализации решения Федоровского районного маслихата от 14 декабря 2006 года № 296 «О районном бюджете Федоровского района на 2007 год» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Федоров ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» Федоров аудандық мәслихатының 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 296 шешімін жүзеге асыру туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 53-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес «Федоров ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» Федоров аудандық мәслихатының 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 296, мемлекеттік нормативтік құқықтық актілері тізілімде тіркелген нөмірі 9-20-11, шешімін жүзеге асыру мақсатында Федоров ауданының әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жергілікті бюджеттен келесі әлеуметтік төлемдер белгіленсін:
Тармақша 1
1) осы жылға арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген, қайтыс болған жұмыссыздарды және кәмелетке толмаған балаларды жерлеу үшін айлық есептік көрсеткіштің он есе көлемінде әлеуметтік көмек;
Тармақша 2
2) осы жылға арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген, туберкулезбен ауыратын тұлғаларға, амбулаторлық емделу кезінде есептік көрсеткіштің үш есе көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 3
3) осы жылға арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген, дербес зейнеткерлерге айлық есептік көрсеткіштің бір есе көлемінде ай сайынғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 4
4) осы жылға арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген, мүгедектер күніне 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға 1000 (бір мың) теңге көлемінде, Чернобыль атомдық электрстанциясындағы апаттың салдарын жою жұмыстарына байланысты мүгедек болған 1, 2 және 3-топтағы мүгедектер үшін айлық есептік көрсеткіштің жиырма есе көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 5
5) осы жылға арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген, үйде оқытатын мүгедек балаларға, айлық есептік көрсеткіштің екі есе көлемінде ай сайын әлеуметтік көмек;
Тармақша 6
6) осы жылға арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген, аз қамтылған, жан басына шыққандағы табысы күнкөріс деңгейінең төмен отбасыларына, айлық есептік көрсеткіштің төрт есе көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 7
7) Федоров ауданында тұратын Ұлы Отан соғысы қатысушылар мен мүгедектеріне, коммуналдық қызметті жартылай шығынды өтеу үшін, айлық есептік көрсеткіштің он бірден аспайтын көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 8
8) білім ұйымдары түлектеріне жоғары немесе орта - арнайы оқу орындарында Қазақстанның және орта арнайы оқу орындарында студенттер санынан жастарға нақты көлемінде оқу ақысын төлеу үшін біржолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 9
9) 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды компьютерлік томографпен тексеруге байланысты шығынды өтеу үшін есептік құжаттардың негізінде тексерілудің бағасынан жүз пайыз көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 10
10) тиісті білім бағдарламаларын үлгілі игерген, жергілікті бюджет қаражат есебінен оқуға байланысты шығындары өтелетін күндізгі жоғары немесе орта арнайы оқу орындарындағы аз қамтылған отбасылар студенттерге 10000 теңгеден аспайтын ай сайынғы әлеуметтік көмек.
Тармақ 2
2. «Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орған болып белгіленсін.
Тармақ 3
3. Мыналар белгіленсін:
Тармақша 1
1) әлеуметтік көмек қайтыс болған кезде жұмыспен қамту мәселелері жөнінде уәкілетті органда ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелген болса қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеу үшін тағайындалады және қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеу үшін отбасы мүшесіне немесе жерлеуші адамдарға төленеді;
Тармақша 2
2) әлеуметтік көмек қайтыс болған кәмелетке толмаған баланы жерлеу үшін еңбекке қабілетті әкесі (ұл (қыз) асырап алушысы) баланың қайтыс болған күніне жұмыспен қамту мәселелері жөнінде уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген болса, баланың ата-анасының біреуіне немесе өзге заңды өкіліне тағайындалады;
Тармақша 3
3) әлеуметтік көмек аз қамтылған, толық емес және көп балалы отбасының, ата-анасының қамқорынсыз қалған, мүгедектерге, дарынды балаларға және жастар санынан студенттерге тағайындалады;
Тармақша 4
4) әлеуметтік көмек мүгедек балаларды компьютерлік томографпен тексеруге байланысты шығынды өтеу үшін, отбасылары табысынан тәуелсіз мүгедек баланың ата-аналарына немесе өзге заңды өкіліне тағайындалады және төленеді;
Тармақша 5
5) жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек тағайындау немесе одан әрі бас тарту туралы шешімі құжаттар қабылданған күннен бастап он күн ішінде кеңес-отырыс ведомствоаралық комиссиясында қабылданады;
Тармақша 6
6) әлеуметтік көмек төлеу уәкілетті орган берген тізімдерге сәйкес тиісті түрлері банктік операциялар жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктер немесе ұйымдар арқылы әлеуметтік көмек алушының жеке есеп шотына ақшалай қаражат аударумен жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Уәкілетті орган әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажет құжаттардың тізімдемесін бекітсін.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасы бойынша жүргізілсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгізілсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары В.Н. Заверухаға жүктелсін.