О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 14 декабря 2006 года № 296 «О районном бюджете Федоровского района на 2007 год» Қолданыста
Басқа 0
Мәслихаттың 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 296 «Федоров ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Федоров ауданы әкімдігінің қаулысын қарастыра отырып, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Федоров аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2006 жылғы 14 желтоқсандағы «Федоров ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-20-40, 2007 жылғы 11 қаңтардағы № 2 «Федоровские новости» газетінде жарияланған), бұрын енгізілген мәслихаттың шешімдерімен өзгерістер: 2007 жылғы 15 қаңтардағы № 310 «Мәслихаттың 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 296 «Федоров ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-20-42, 2007 жылғы 1 наурыздағы № 9 «Федоровские новости» газетінде жарияланған), 2007 жылғы 11 сәуірдегі № 328 «Мәслихаттың 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 296 «Федоров ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-20-49, 2007 жылғы 3 мамырдағы № 18 «Федоровские новости» газетінде жарияланған), 2007 жылғы 17 шілдедегі № 359 «Мәслихаттың 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 296 «Федоров ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-20-55, 2007 жылғы 6 қыркүйектегі № 38 «Федоровские новости» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. Көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2007 жылға арналған аудандық бюджет келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 1460122 мың теңге, оның ішінде:
салық түсімдері бойынша - 356208 мың теңге;
салыққа жатпайтын түсімдер - 799 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетіндер - 2988 мың теңге;
трансферттерден түсетіндер - 1100127 мың теңге;
2) шығындар - 1475479 мың теңге;
3) операциялық сальдо - -15357 мың теңге;
5) қаржы активтерінің операциясы бойынша сальдо - 14500 мың теңге;
6) бюджеттің тапшылығын қаржыландыруға бағытталған қаржы жылының басында тартылған еркін қалдықтарды тарту есебінен жабылатын тапшылығы 29857 мың теңге».
2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 296 шешімінің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес және келесі бағдарламалар толықтырылып жаңа редакцияда жазылсын:
467012000 «Білім беру объектілерін дамыту»;
458004000 «Азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету».
Тармақ 2
2. Осы шешім 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Федоров ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті
Мәслихаттың
2007 жылғы 16 қазандағы
№ 18 шешіміне
қосымша
Федоров ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті