«Лисаков қаласының 2007 жылға арналған бюджеті туралы» 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 322 мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақтан Республикасы Бюджет кодексінің 2-бабының 3-тармағына, 111, 116-баптарына, «Қостанай облысының 2007 жылға арналған облыстық бюджеті туралы» 2006 жылғы 8 желтоқсандағы № 378 шешіміне өзгерістер енгізу Қостанай облыстық мәслихатының 2007 жылғы 12 қазандағы № 13 шешіміне және «Лисаков қаласының 2007 жылға арналған бюджет жобасы туралы» Лисаков қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 12 желтоқсандағы № 1262 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Лисаков қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 16 қазандағы № 2009 қаулысына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
О внесении изменений в решение маслихата от 14 декабря 2006 года № 322 «О бюджете города Лисаковска на 2007 год» от 18.10.2007 г. № 15 («Лисаков қаласының 2007 жылға арналған бюджеті туралы» 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 322 мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу туралы)
1. «Лисаков қаласының 2007 жылға арналған бюджеті туралы» 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 322 қалалық мәслихат шешіміне (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-68 болып тіркелген, 2006 жылғы 28 желтоқсандағы № 52 «Лисаковская новь» газетінде жарияланған), бұрын қалалық мәслихатының «Лисаков қаласының 2007 жылға арналған бюджеті туралы» 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 322 мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2007 жылғы 23 қаңтардағы № 337 (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-72 болып тіркелген, 2007 жылғы 8 ақпандағы № 6 «Лисаковская новь» газетінде жарияланған), «Лисаков қаласының 2007 жылға арналған бюджеті туралы» 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 322 мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2007 жылғы 7 мамырдағы № 370 (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-87 болып тіркелген, 2007 жылғы 24 мамырдағы № 21 «Лисаковская новь» газетінде жарияланған), «Лисаков қаласының 2007 жылға арналған бюджеті туралы» 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 322 мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2007 жылғы 23 шілдедегі № 401 (нормативтік кұқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-91 болып тіркелген, 2007 жылғы 2 тамыздағы № 31 «Лисаковская новь» газетінде жарияланған) шешімдерімен өзгерістер енгізілген, мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Лисаков қаласының 2007 жылға арналған бюджеті 1- қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін:
кірістер - 1559332 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша- 1315445 мың теңге,
салықтық емес түсімдер бойынша - 3092 мың теңге,
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 149627 мың теңге,
трансферттер түсімдері бойынша - 91168 мың теңге;
шығындар - 1746043 мың теңге;
операңиялық сальдо (теріс) - 186711 мың теңге;
қаржы активтерімен жасалатын операңиялар бойынша сальдо - 63078 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 63078 мың теңге;
бюджет тапшылығы - 249789 мың теңге;
бюджет тапшылығын қаржыландыру - 249789 мың теңге.»;
2) 3-тармагы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Лисаков қаласы әкімдігінің 2007 жылға арналған резерві 13226 мың теңге сомасында бекітілсін, оның ішінде:
күтілмеген шығындарға - 13136 мың теңге,
сот шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға - 90 мың теңге.»;
3) 4-тармақтың 3-абзацындағы «3638» деген сандар «3338» деген сандармен ауыстырылсын;
4) жоғарыда аталған шешіммен бекітілген «Лисаков қаласының 2007 жылға арналған бюджеті» 1-қосымша, «2007 жылға арналған поселке, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі аппараттарының бюджеттік бағдарламаларының тізбесі» 3-қосымша, осы шешімге 1, 2 - қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. 2007 жылға арналған қала бюджетінде республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер түсімі көзделгені ескерілсін:
мемлекеттік жалпы орта білім мекемелерінде физика кабинеттерін оқулық жабдықтарымен жарақтандыруға 2975 мың теңге сомасында.
3. Осы шешім 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.