О внесении дополнений в решение Лисаковского городского маслихата от 14 декабря 2006 года № 323 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи на 2007 год в городе Лисаковске» Қолданыста
Басқа 0
«Лисаков қаласындағы 2007 жылға арналған тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» Лисаков қалалық мәслихатының 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 323 шешіміне толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Лисаков қаласындағы 2007 жылға арналған тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 323 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-69 болып тіркелген, 2007 жылғы 11 қаңтардағы № 2 «Лисаковская новь» газетінде жарияланған), бұрын «Лисаков қаласындағы 2007 жылға арналған тұрғын үй көмегін корсету Ережесін бекіту туралы» мәслихаттың 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 323 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» қалалық мәслихатының 2007 жылғы 12 ақпандағы № 344 шешімімен өзгерістер енгізілген (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-80 болып тіркелген, 2007 жылғы 22 ақпандағы № 8 «Лисаковская новь» газетінде жарияланған), мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Лисаков қаласындағы 2007 жылға арналған тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінде:
8-тармақ «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне» деген сөздерден кейін «Ұлы Отан соғысында қайтыс болған жауынгерлердің жесірлеріне» деген сөздермен толықтырылсын;
21-тармақтың екінші абзацы «екінші деңгейдегі банктерде» деген сөздерден кейін «және «Қазпошта» акционерлік қоғамында» деген сөздермен толықтырылсын;
21-тармак мынадай мазмұнды абзацпен толықтырылсын:
«Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қайтыс болған жауынгерлердің жесірлеріне, Лисаков қаласының құрметті азаматтарына тұрғын үй өтемақысының сомалары екінші деңгейдегі банктерде алушылардың жеке шоттарына аударылады.».
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасауды қалалық мәслихатының әлеуметтік-мәдени сала мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы Л.Н.Черноваға және қала әкімінің орынбасары В.В.Абоимоваға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.