О внесении дополнения в решение Лисаковского городского маслихата от 14 декабря 2006 года № 323 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи на 2007 год в городе Лисаковске» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.08.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Лисаков қаласындағы 2007 жылға арналған тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» Лисаков қалалық мәслихатының 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 323 шешіміне толықтыру енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға бектілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік корғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Лисаков қаласындағы 2007 жылға арналған тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 323 шешіміне (нормативтік қүқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-69 болып тіркелген, 2007 жылғы 11 қаңтардағы № 2 «Лисаковская новь» газетінде жарияланған), бұрын «Лисаков қаласындағы 2007 жылға арналған тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» мәслихаттың 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 323 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2007 жылғы 12 ақпандағы № 344 (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-80 болып тіркелген, 2007 жылғы 22 ақпандағы № 8 «Лисаковская новь» газетінде жарияланған), «Лисаков қаласындағы 2007 жылға арналған тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» мәслихаттың 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 323 шешіміне толықтыру енгізу туралы» 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 355 (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-84 болып тіркелген, 2007 жылғы 26 сәуірдегі № 17 «Лисаковская новь» газетінде жариланған) қалалық мәслихатының шешімдерімен өзгерістер енгізілген, мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген, Лисаков қаласындағы 2007 жылға арналған тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінде 3-бөлім мынадай мазмұндағы тармақпен толықтырылсын: «5-1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қайтыс болған жауынгерлердің жесірлеріне ақы төлемі жүргізілсін: жылуға бір адам басына 50 шаршы метр көлем мөлшері есебінен; электр қуатына бір адам басына кемінде 45 киловатт.».
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасауды қалалық мәслихатының әлеуметтік-мәдени сала және тұрғын халықпен байланыс жасау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.