О внесении изменений в постановление акимата района от 14 февраля 2006 года № 84/2 «Об утверждении инструкции «О социальных выплатах отдельным категориям граждан района в 2006 году» Қолданыста
Басқа 0
Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 14 ақпандағы «Аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем туралы» нұсқаулықты бекіту туралы» № 84/2 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағы, 14) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 14 ақпандағы «Аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем туралы» нұсқаулықты бекіту туралы» № 84/2 қаулысымен бекітілген «Аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем туралы» нұсқауға (бұдан әрі - Нұсқау) (2006 жылғы 25 наурыздағы № 12 «Сельские будни» газетінде басылған, № 12-12-21 мемлекеттік тіркеу нормативтік құқық актілер Реестірде тіркелген) төмендегі өзгерістер енгізілсін:
Нұсқаудын 2 тармағының 3) тармақшасы мына мазмұнда баяндалсын: «аз қамтамасыз етілген азаматтар, тұрғындардың мақсатты тобына жататындар, «Батыр-ана» атағы бар көп балалы аналар, 2005 – 2006 жылдары жоғары оқу орнын (бұдан әрі - ЖОО) және орта арнаулы оқу орнын бітірген жас мамандар орналасуға және қосалқы шаруашылықты дамытуға;
Нұсқаудың 2 тармағының 22) тармақшасы мына мазмұнда баяндалсын: «облыс әкімінің гранты бойынша күндізге және сырттан оқу бөліміндерінде оқитын студенттер жататын орынға және жүріп тұруға»;
Нұсқаудын 5 тармағының ) тармақшасындағы «5 000 теңгеден» деген сөз алынып тасталсын.