О внесении изменений в постановление акимата района от 14 февраля 2006 года № 84/2 «Об утверждении инструкции «О социальных выплатах отдельным категориям граждан района в 2006 году» Қолданыста
Басқа 0
Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 14 ақпандағы «2006 жылы аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем туралы» нұсқауды бекіту туралы» № 84/2 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы, 1 тармағы, 14) тармақшасына сәйкес, облыс әкімдігінің 2006 жылғы 7 қарашадағы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 15-жылдығын мерекелеу аясында облыстың еңбек сіңірген соғыс және еңбек ардагерлеріне Астана қаласына экскурсия ұйымдастыру туралы» № 292/11 қаулысын орындау үшін аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 14 ақпандағы «2006 жылы аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем туралы» № 84/2 қаулысымен бекітілсін «2006 жылға арналған аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем туралы» нұсқау бекіту туралы» (бұдан әрі - Нұсқау) (2006 жылдың 17 наурызында нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12-12-21 болып тіркелген, 2006 жылдың 25 наурызында аудандық «Сельские будни» газетінде № 12 жарияланды, аудан әкімдігінің 2006 жылғы 4 тамыздағы «Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 14 ақпандағы «2006 жылы аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем туралы» № 84/2 қаулысымен бекітілген «2006 жылға арналған аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» № 258/8 қаулысымен өзгерістер енгізіледі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12-12-26 болып тіркелген, 2006 жылдың 2 қыркүйегінде аудандық «Сельские будни» газетінде № 35 жарияланды) нұсқаудын 2 тармағының 27) тармақшасы мына мазмұнмен толықтырылсын:
«27) ауданның еңбек сіңірген соғыс және еңбек ардагерлеріне Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 15-жылдығын мерекелеу аясын да Астана қаласына экскурсия ұйымдастыру".
Тармақ 2
2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін 10 күн өткен соң күшіне енеді.