О внесении изменений в постановление акимата Тарановского района от 14 апрели 2006 года № 90 «Об установлении корректирования данных учета средней урожайности (продуктивности), среднего уровня производственных расходов, приведенных в нормативной карточке, а также цен, представляемых органами статистики для исчисления дохода от личного подсобного хозяйства, при назначении ежемесячного государственного пособия на детей до 18 лет Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.08.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Таран ауданының әкімдіктін 2006 жылғы 14 сәуірдегі № 90 "18 жасқа дейінігі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда нормативтік карточкада келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), өндірістік шығыстардың орташа деңгейін, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңын жүзеге асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» қаулысымен бекітілген балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу ережесінін 30-тармағына сәйкес, Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Таран ауданының әкімдіктің 2006 жылғы 14 сәуірдегі № 90 "18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда нормативтік карточкада келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), өндірістік шығыстардың орташа денгейін, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы" (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-18-28 2006 жылғы 4 мамыр, 2006 жылғы 18 мамыр аудандық газеті "Шамшырақ") қаулысына өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) 1 тармағы шығарылсын;
Тармақша 2
2) 2 тармағында «30» саны «70» санына ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ.Ж. Сүйіндіковке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы ресми басылым күнінен бастап он күнінен кейін күшіне енеді.