О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 14 декабря 2007 года № 30 «О районном бюджете Узункольского района на 2008 год» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.01.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәслихаттың 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 30 «Ұзынкөл ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің қаулысын қарастырып, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Кодексінің 116-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 30 «Ұзынкол ауданының 2008 жылға арналған бюджеті туралы» (2007 жылғы 25 желтоқсандағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-19-62, 2008 жылғы 24 қаңтардағы № 4 «Нұрлы жол») , шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: осы шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын: «1. Ұзынкөл ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті мынадай көлемдерде 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін: 1) кірістер - 877 840,0 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 216 571,0 мың теңге; салыққа жатпайтын түсімдер - 388,0 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 222,0 мың теңге; алынған трансферттер - 660 659,0 мың теңге, оның ішінде, облыстық бюджеттен алынған субвенциялар - 607 193,0 мың теңге; 2) шығындар - 909 561,0 мың теңге, 3) операциялық сальдо - -31 721,0 мың теңге; 4) бюджеттің тапшылығы (профицит) - -31 721,0 мың теңге; 5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 31 721,0 мың теңге, оның ішінде бос бюджеттік қаражаттар есебінен - 31 721,0 мың теңге.»; шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын; Осы шешім мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2, 2-3, 2-4-тармақтармен толықтырылсын: «2-1. 2008 жылға арналған аудандық бюджетте ең төмеңгі күнкөріс мөлшерінің өсуіне байланысты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті және 18 жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны төлеуге республикалық бюджеттен 8 846,0 мың теңге сомасында нысаналы ағымдағы трансферттер түсімі ескерілсін, оның ішінде: мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге - 1 060,0 мың теңге; тұрмысы төмен отбасыдағы 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақыны төлеуге - 7 786,0 мың теңге. 2-2. 2008 жылға арналған аудандық бюджетте Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 14 649,0 мың теңге сомасында республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің түсімі ескерілсін, оның ішінде: бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік мекемелері үшін лингафондық және мультимедиялық кабинеттер жасауға - -5 548,0 мың теңге; бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жүйесінде интерактивтік оқыту жүйесін енгізу - 9 101,0 мың теңге. 2-3. 2008 жылға арналған аудандық бюджетте мемлекеттік қызметшілерді компьютерлік сауаттылыққа оқытуға республикалық бюджеттен 598,0 мың теңге сомасында дамытуға арналған нысаналы трансферттер сомаларының түсімі ескерілсін. 2-4. 2008 жылға арналған аудандық бюджетте электронды үкімет шеңберінде адами капиталын дамытуға республикалық бюджеттен 3 373,0 мың теңге сомасында дамытуға арналған нысаналы трансферттер сомаларының түсімі ескерілсін.»; көрсетілген шешімнің 4-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын: «4. 2008 жылға арналған Ұзынкөл ауданы жергілікті атқарушы органының резерві 33 799,9 мың теңге сомасында бекітілсін.».
Тармақ 2
2. Осы шешім 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3