О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 14 декабря 2007 года № 30 «О районном бюджете Узункольского района на 2008 год» Қолданыста
Басқа 0
Мәслихаттың 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 30 «Ұзынкөл ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Ұзынкөл ауданы әкімдігінің қаулысын қарастырып, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Кодексінің 116-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 30 «Ұзынкөл ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» (2007 жылғы 25 желтоқсандағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-19-62, 2008 жылғы 24 қаңтардағы № 4 «Нұрлы жол»), шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін, «Мәслихаттың 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 30 «Ұзынкөл ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 43 (2008 жылғы 30 қаңтардағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-19-65 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген:
осы шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. Ұзынкөл ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті мынадай көлемдерде 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін:
1) кірістер - 894 840,0 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 225 366,0 мың теңге;
салыққа жатпайтын түсімдер - 388,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 1 427,0 мың теңге;
алынған трансферттер - 667 659,0 мың теңге, оның ішінде, облыстық бюджеттен алынған субвенциялар - 607 193,0 мың теңге;
2) шығындар - 926 561,7 мың теңге,
3) операциялық сальдо - -31 721,7 мың теңге;
4) бюджеттің тапшылығы (профицит) - -31 721,7 мың теңге;
5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 31 721,7 мың теңге, оның ішінде бос бюджеттік қаражаттар есебінен – 31 721,7 мың теңге.»;
шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын;
шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын;
осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес, 4-қосымшамен толықтырылсын;
осы шешім мынадай мазмұндағы 3-тармағының 3) тармақшасымен толықтырылсын:
«3) сумен жабдықтау және су бөлу жүйесінің қызмет етуіне арналған 7 000 мың теңге сомасында облыстық бюджсттен берілген ағымдағы нысаналы трансферттер.»;
көрсетілген шешімнің 4-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«4. 2008 жылға арналған Ұзынкөл ауданы жергілікті атқарушы органның резерві 2 171,6 мың теңге сомасында бекітілсін.».
Тармақ 2
2. Осы шешім 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3
Басқа 4
Басқа 5