О внесении изменений в решение маслихата от 14 декабря 2007 года № 30 «О районном бюджете Узункольского района на 2008 год» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.11.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәслихаттың 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 30 «Ұзынкөл ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің қаулысын қарастырып, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Кодексінің 116 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 30 «Ұзынкөл ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» (2007 жылғы 25 желтоқсандағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-19-62, 2008 жылғы 24 қаңтардағы № 4 «Нұрлы жол» газетінде жарияланған), шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін, «Мәслихаттың 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 30 «Ұзынкөл ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 43 (2008 жылғы 30 қаңтардағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-19-65, 2008 жылғы 1 мамырдағы № 18 «Нұрлы жол» газетінде жарияланған); «Мәслихаттың 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 30 «Ұзынкөл ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 16 сәуірдегі № 57 (2008 жылғы 5 мамырдағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-19-74, 2008 жылғы 10 шілдедегі № 28, 2008 жылғы 17 шілдедегі № 29, 2008 жылғы 24 шілдедегі № 30, 2008 жылғы 7 тамыздағы № 32 «Нұрлы жол» газетінде жарияланған); «Мәслихаттың 2007 жылғы 14 желтоксандағы № 30 «Ұзынкөл ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 16 шілдедегі № 78 (2008 жылғы 28 шілдедегі мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-19-79, 2008 жылғы 7 тамыздағы № 32 «Нұрлы жол» газетінде жарияланған) шешіміне өзгерістер енгізілсін: осы шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын: «1. Ұзынкөл ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті, мынадай көлемдерде 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін: 1) кірістер - 959 162,0 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 282 092,0 мың теңге; салыққа жатпайтын түсімдер - 3 72,0 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 4 717,0 мың теңге; алынған трансферттер - 671 981,0 мың теңге, оның ішінде, облыстық бюджеттен алынған субвенциялар - 607 193,0 мың теңге; 2) шығындар - 990 883,7 мың теңге; 3) операциялық сальдо - -31 721,7 мың теңге; 4) бюджеттің тапшылығы (профицит) - -31 721,7 мың теңге; 5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 31 721,7 мың теңге, оның ішінде бос бюджеттік қаражаттар есебінен -31 721,7 мың теңге.»; шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын; көрсетілген шешімнің 2-2 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын: «2-2. 2008 жылға арналған аудандық бюджетте Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 13 235,0 мың теңге сомасында республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің түсімі ескерілсін, оның ішінде: бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік мекемелері үшін лингафондық және мультимедиялық кабинеттер жасауға -5 541,0 мың теңге; бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жүйесінде интерактивтік оқыту жүйесін енгізу - 7 694,0 мың теңге.»; көрсетілген шешімнің 3 тармағының 1) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын: «1) білім беруге 9 310,0 мың теңге сомасында облыстық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер, оның ішінде: негізгі орта және жалпы орта білім беру мемлекеттік мекемелерде физика кабинеттерін оқу жабдықтарымен қамтамасыз етуге 7 510,0 мың теңге сомасында;»; көрсетілген шешімнің 4 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын: «4. 2008 жылға арналған Ұзынкөл ауданы жергілікті атқарушы органының резерві 500,0 мың тенге сомасында бекітілсін, онын ішінде: жедел шығындарына - 500,0 мың теңге.»,
Тармақ 2
2. Осы шешім 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап колданысқа енгізіледі.
Басқа 3