О внесении изменений и дополнения в решение от 14 декабря 2007 года № 41 «О бюджете Житикаринского района на 2008 год» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«2008 жылға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы» 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 41 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Жітіқара ауданы әкімдігінің қаулысын қарап, Қазақстан Республикасы бюджеттік кодексінің 116 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағы 1) тармақшасына сәйкес, Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1.«2008 жылға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы» 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 41 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізілсін (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-84, «Житикаринские новости» газетінде 2008 жылғы 3 қаңтарда жарияланған, бұрын: «2008 жылға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы» 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 41 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 47 шешімімен, № 5 «Житикаринские новости» газетінде 2008 жылғы 1 ақпанда жарияланған өзгерістер мен толықтырулар енгізілген): Көрсетілген шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «1. 2008 жылға арналған аудандық бюджет 1 қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін: 1) кірістер - 1 955 070 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер бойынша - 943 603 мың теңге; салықтық емес түсімдер бойынша - 3 740 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 5 500 мың теңге; алынған трансферттер бойынша - 1 002 227 мың теңге, оның ішінде нысаналы ағымдағы трансферттер - 102 476 мың теңге, дамытуға арналған нысаналы трансферттер - 210 870 мың теңге; 2) шығындар - 2 006 052,3 мың теңге; 3) операциялық сальдо (теріс) - 50982,3 мың теңге; 4) тапшылық - 50982,3 мың теңге; 5) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 50982,3 мың теңге, оның ішінде бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен - 50982,3 мың теңге». Көрсетілген шешімнің 4 тармағы мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын: «12) 10 055 мың теңге - олимпиадалық және ат спорты түрлері бойынша «Целина - 2008» Қостанай облысы XXIII Спартакиадасының финал жарыстарын өткізуге.» Көрсетілген шешімнің 5 тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «5. 2008 жылға арналған Жітіқара аудандық әкімдігінің резерві, 8 878 мың теңге сомасына, оның ішінде 6878 мың теңге сомасына шұғыл шығындар резерві және 2000 мың теңге сомасына сот шешімдері бойынша міндеттерді атқару резерві бекітілсін»; Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3