О внесении изменения в постановление от 14 декабря 2007 года № 838 «Об организации оплачиваемых общественных работ на 2008 год» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.07.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«2008 жылға арналған ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 838 қаулыға өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20 бабы 5 тармағына және Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағы 13) тармақшасына сәйкес, Жітіқара ауданы әкімдігінің «Жітіқара Тазалық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынымен берілген тапсырыс негізінде, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «2008 жылға арналған ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 838 (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-85, 2008 жылғы 18 қаңтардағы «Житикаринские новости» газетінде жарияланған) қаулыға мынадай өзгеріс енгізілсін: жоғарыда көрсетілген қаулыға қосымша жаңа редакцияда жазылсын (қосымша).
Тармақ 2
2. Қаулы оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткенінен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3
Әкімдіктің 2008 жылғы 31 шілдеде № 631 қаулысына қосымша