О внесении изменений в постановление акимата от 14 января 2008 года № 3 «О реализации решения Федоровского районного маслихата от 25 декабря 2007 года № 23 «О районном бюджете Федоровского района на 2008 год» Қолданыста
Басқа 0
«Федоров ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» Федоров аудандық мәслихатының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 23 шешімін жүзеге асыру туралы» әкімдіктің 2008 жылғы 14 қаңтардағы № 3 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 53-бабы 1-тармағыныың 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 51-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшаларына сәйкес «Федоров ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» Федоров аудандық мәслихатының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 23 шешімін жүзеге асыру мақсатында Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Федоров ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» Федоров аудандық мәслихатының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 23 шешімін жүзеге асыру туралы» әкімдіктің 2008 жылғы 14 қаңтардағы № 3 қаулысының 1-тармағына (нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тізілімінде 9-20-66 нөмірі бойынша тіркелген, 2008 жылғы 7 ақпанда № 6 «Федоровские новости» аудандық газетінде жарияланған) мына өзгерістер енгізілсін:
7) тармақша мына редакцияда жазылсын:
«7) республикалық бюджет туралы заңымен тиісті жылға белгіленген Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектеріне екі айлық есептік көсеткіштің көлемінде ай сайын әлеуметтік көмек көрсету»;
13) тармақша мына редакция жазылсын:
«13) Жітіқара сауақтыру орталығында емделген мүгедектерге біржолғы әлеуметтік көмек 2000 (екі мың ) теңге көлемінде».
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.