О внесении изменения и дополнения в решение областного маслихата от 14 января 2009 года N 152-IV "Об утверждении ставок платежей за эмиссии в окружающую среду на 2009 год" Қолданыста
Басқа 0
Облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 14 қаңтардағы N 152-IV "2009 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 12 ақпандағы N 133-IV "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ислам банктерін ұйымдастыру мен олардың қызметі және исламдық қаржыландыру ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына , Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 5 тармағына сәйкес, облыстық мәслихат кезектен тыс ХIІІ сессиясында ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Облыстық маслихаттық ХІ сессиясының 2009 жылғы 14 қаңтардағы N 152-IV "2009 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссия төлемақы ставкаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылы 11 ақпанында N 2541 санымен тіркелген, "Атырау" газетінде 2009 жылы 12 ақпандағы N 17 жарияланған) келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
Тармақша 1
1) көрсетілген шешіммен бекітілген 2 қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын;
Тармақша 2
2) көрсетілген шешіммен бекітілген 5 қосымшасындағы кесте мынадай мазмұндағы 1.3.7. техникалық және элементарлық күкірт 1 тонна үшін төлемақы ставкасы 3,77 деген жолмен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 3 наурызынан бастап құқықтық қатынастарға таралады.
Басқа 6
Атырау облыстық мәслихатының
2009 жылғы 11 наурыздағы 166-ІV
шешіміне қосымша
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен
жүзеге асырылатын алауларда ілеспе және (немесе) табиғи газды
жағудан ластағыш заттардың шығарындылары үшін
төлемақы ставкалары мыналарды құрайды:
Рет №
Ластағыш заттардың түрлері
1 тонна үшін төлемақы ставкалары (АЕК)
1
2
3
1.
Көмірсутектер
44, 6
2.
Көміртегі тотықтары
14, 6
3.
Метан
0, 8
4.
Күкірт диоксиды
200
5.
Азот диоксиды
200
6.
Күл
240
7.
Күкірт сутегі
1240
8.
Меркаптан
199 320