О внесении изменения и дополнений в постановление акимата города Караганды от 14 января 2009 года № 02/01 "Об утверждении перечня предприятий, организаций, учреждений города Караганды, организующих общественные работы на 2009 год" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"2009 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын Қарағанды қаласы кәсіпорындарының, ұйымдарының, мекемелерінің тізбесін бекіту туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 14 қаңтардағы N 02/01 қаулысына өзгерту мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысымен бекітілген "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне" және қала мекемелерінен қайта келіп түскен өтінімдерге сәйкес Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "2009 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын Қарағанды қаласы кәсіпорындарының, ұйымдарының, мекемелерінің тізбесін бекіту туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 14 қаңтардағы N 02/01 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 8-1-87 болып тіркелген, 2009 жылғы 14 қаңтардағы N 17 (20724) "Индустриальная Караганда" және 2009 жылғы 14 қаңтардағы N 22-23 (20608) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерту мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) қаулының кіріспесіндегі "мемлекеттік басқару" деген сөздерден кейін "және өзін-өзі басқару" деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 2
2) қаулы келесі мазмұндағы 2-1 тармақпен толықтырылсын: "2-1. Қоғамдық жұмыскерлер өз қызметтерін екі ай бойы жүзеге асырады. Жұмыс беруші қоғамдық жұмыскерлермен бөлінген қаражат шегінде шарт жасасуға құқылы.";
Тармақша 3
3) 2009 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын Қарағанды қаласы кәсіпорындарының, ұйымдарының, мекемелерінің тізбесі жаңа редакцияда жазылсын (қосымшаға сәйкес ).
Тармақ 2
2. Осы Қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің аппарат басшысы Юрий Игоревич Белянинге жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы Қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7
Қарағанды қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 18 наурыздағы N 12/02 қаулысына қосымша 2009 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын Қарағанды қаласы кәсіпорындарының, ұйымдарының, мекемелерінің тізбесі N р/с Мекемелердің атауы Адам саны Жұмыс түрлері Қаржыландыру көзі Жұмыс көлемі, теңге 1 "Қалалық коммуналдық шаруашылық" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны 76 Қаланы көркейту және көгалдандыру Қарағанды қаласының бюджеті 4094880 2 "Мәдениет және демалыс бақтарының басқармасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 56 Көркейту, көгалдандыру, аймақтарды тазалау Қарағанды қаласының бюджеті 3017280 3 "Қалалық жарық" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны 10 Жарық беру желілерін күтіп ұстау бойынша жұмыс Қарағанды қаласының бюджеті 538800 4 "Көркейту" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны 35 Қаланы көркейту Қарағанды қаласының бюджеті 1885800 5 Октябрь ауданы әкімінің аппараты 82 Парктерде, саяжайларда, бос жерлерде санитарлық тазалық сақтау, тұрғын үйлердің техникалық жағдайын тексеру, лифт шаруашылығын түгендеу, газ тарату қондырғыларын тексеру Қарағанды қаласының бюджеті 4418160 6 Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты 82 Парктерде, саяжайларда, бос жерлерде санитарлық тазалық сақтау, тұрғын үйлердің техникалық жағдайын тексеру, лифт шаруашылығын түгендеу, газ тарату және аудандарды жарықпен безендіру қондырғыларын тексеру Қарағанды қаласының бюджеті 4418160 7 Қарағанды қаласы әкімінің аппараты 45 Мұрағатқа тапсырылатын құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту және тарату Қарағанды қаласының бюджеті 2424600 8 Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданы бойынша салық басқармасы 45 Тұрғындармен жұмыс, көлікке және мүлікке салық төлеу түбіртектерін және хабарламаларын тарату Қарағанды қаласының бюджеті 2424600 9 Қарағанды қаласы Октябрь ауданы бойынша салық басқармасы 45 Тұрғындармен жұмыс, көлікке және мүлікке салық төлеу түбіртектерін және хабарламаларын тарату Қарағанды қаласының бюджеті 2424600 10 "Шахтер" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 72 Тұрғылықты жері бойынша аула клубтарында жасөспірімдермен және жастармен жұмыс, бекітілген аумақты тазалау Қарағанды қаласының бюджеті 3879360 11 "Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі 35 Қарулы күштер қатарына шақыру бойынша тұрғындармен жұмыс, шақыру қағазын жеткізу Қарағанды қаласының бюджеті 1885800 12 "Қарағанды қаласы Октябрь ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі 35 Қарулы күштер қатарына шақыру бойынша тұрғындармен жұмыс, шақыру қағазын жеткізу Қарағанды қаласының бюджеті 1885800 13 Қарағанды қаласының әділет басқармасы 35 Әділет органдарында құжаттарды өңдеу жұмысы (халыққа қызмет көрсету орталықтарында) Қарағанды қаласының бюджеті 1885800 14 "Қарағанды қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі 15 Жолаушылар мен такси жүгін тасымалдау шарттарын жасасу және тұрғын үй алуға кезекке қою бойынша құжаттарды өңдеу Қарағанды қаласының бюджеті 808200 15 "Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі 15 Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарын контент-талдау, жастар ұйымдары мен ұлттық-мәдени орталықтардың мәліметтер базасын жаңарту Қарағанды қаласының бюджеті 808200 16 "Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі 15 Электрондық база жүргізу, құжаттарды өңдеу жұмыстары Қарағандықаласының бюджеті 808200 17 "Қарағанды қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі 35 Тізілімдер мен хабарландыру хаттарды дайындау жұмысы, мұрағатқа тапсырылатын құжаттарды өңдеу Қарағанды қаласының бюджеті 1885800 18 Қарағанды облысының ішкі істер Департаменті 48 Видео бақылау жүйесіндегі жедел басқару Орталығында жұмыс жасау Қарағанды қаласының бюджеті 2586240 19 Қарағанды қаласының ішкі істер Басқармасы 102 Құжаттарды өңдеу жұмысы, шақыру қағаздары мен хаттарды жеткізу, құжаттарды көбейту және тарату Қарағанды қаласының бюджеті 5495760 20 "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі 37 Әлеуметтік төлемдер алуға құқығы бар азаматтарды анықтау мақсатында аула аралау, қаланың әлеуметтік қартасын нақтылау, құжаттарды өңдеу Қарағанды қаласының бюджеті 1993560 21 Қазыбек би атындағы ауданның үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімше 20 Аула аралау, әлеуметтік картаны нақтылау, тексеру актілерін құру, аудан бойынша жалғыз тұратын қарт адамдарды анықтау Қарағанды қаласының бюджеті 1077600 22 Октябрь ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімше 20 Аула аралау, әлеуметтік картаны нақтылау, тексеру актілерін құру, аудан бойынша жалғыз тұратын қарт адамдарды анықтау Қарағанды қаласының бюджеті 1077600 23 "Қарағанды қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі 10 "Мекенжай тіркелімі" дерекқорындағы мекенжайлық ақпаратты нақты бар ақпаратпен салыстырмалы түрде тексеру Қарағанды қаласының бюджеті 538800 24 "Қарағанды қаласының ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі 20 Ветеринарлық және ауыл шаруашылық қайта өңдеу объектілерімен жұмыс Қарағанды қаласының бюджеті 1077600 25 "Қарағанды қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі 10 Коммуналдық меншік объектілерін түгендеу жұмыстары, мұрағатқа өткізілетін құжаттарды өңдеу Қарағанды қаласының бюджеті 538800 Барлығы 1000 53880 000