О внесении изменения в постановление акимата города Караганды от 14 января 2009 года № 02/01 "Об утверждении перечня предприятий, организаций, учреждений города Караганды, организующих общественные работы на 2009 год" Қолданыста
Басқа 0
"2009 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын Қарағанды қаласы кәсіпорындарының, ұйымдарының, мекемелерінің тізбесін бекіту туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 14 қаңтардағы N 02/01 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" N 836 қаулысымен бекітілген "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне" қосымша қаражаттың бөлінуіне байланысты және қала мекемелерінен қайта келіп түскен өтінімдерге сәйкес Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "2009 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын Қарағанды қаласы кәсіпорындарының, ұйымдарының, мекемелерінің тізбесін бекіту туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 14 қаңтардағы N 02/01 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 8-1-87 болып тіркелген, 2009 жылғы 14 ақпандағы N 17 (20724) "Индустриальная Караганда" және 2009 жылғы 14 ақпандағы N 22-23 (20608) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған), "2009 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын Қарағанды қаласы кәсіпорындарының, ұйымдарының, мекемелерінің тізбесін бекіту туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 14 қаңтардағы N 02/01 қаулысына өзгерту мен толықтырулар енгізу туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 18 наурыздағы N 12/02 қаулысымен өзгерту мен толықтырулар енгізілген, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіміне N 8-1-90 болып тіркелген, 2009 жылғы 28 наурыздағы N 33 (20740) "Индустриальная Караганда" және 2009 жылғы 28 наурыздағы N 44-45 (20630) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін: осы қаулының қосымшасына сәйкес, көрсетілген қаулының қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Жанат Маратұлы Ысқақовқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Қарағанды қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 28 мамырдағы
N 24/04 қаулысына қосымша
2009 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын Қарағанды қаласы кәсіпорындарының, ұйымдарының, мекемелерінің тізбесі
N р/с
Мекемелердің атауы
Адам саны
Жұмыс түрлері
Қаржыландыру көзі
Жұмыс көлемі, теңге
1
"Қалалық коммуналдық шаруашылық" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
115
Қаланы көркейту және көгалдандыру
Қарағанды қаласының бюджеті
6196200
2
"Мәдениет және демалыс бақтарының басқармасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
80
Көркейту, көгалдандыру, аймақтарды тазалау
Қарағанды қаласының бюджеті
4310400
3
"Қалалық жарық" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
15
Жарық беру желілерін күтіп ұстау бойынша жұмыс
Қарағанды қаласының бюджеті
808200
4
"Көркейту" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны
73
Қаланы көркейту
Қарағанды қаласының бюджеті
3933240
5
Октябрь ауданы әкімінің аппараты
130
Парктерде, саяжайларда, бос жерлерде санитарлық тазалық сақтау, тұрғын үйлердің техникалық жағдайын тексеру, лифт шаруашылығын түгендеу, газ тарату қондырғыларын тексеру
Қарағанды қаласының бюджеті
7004400
6
Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты
130
Парктерде, саяжайларда, бос жерлерде санитарлық тазалық сақтау, тұрғын үйлердің техникалық жағдайын тексеру, лифт шаруашылығын жөнге келтіру, газ тарату қондырғыларын тексеру және аудандарды жарықпен безендіру қондырғыларын тексеру
Қарағанды қаласының бюджеті
7004400
7
Қарағанды қаласы әкімінің аппараты
45
Мұрағатқа тапсырылатын құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту және тарату
Қарағанды қаласының бюджеті
2424600
8
Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданы бойынша салық басқармасы
45
Тұрғындармен жұмыс, көлікке және мүлікке салық төлеу түбіртектерін және хабарламаларын тарату
Қарағанды қаласының бюджеті
2424600
9
Қарағанды қаласы Октябрь ауданы бойынша салық басқармасы
45
Тұрғындармен жұмыс, көлікке және мүлікке салық төлеу түбіртектерін және хабарламаларын тарату
Қарағанды қаласының бюджеті
2424600
10
"Шахтер" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
130
Тұрғылықты жері бойынша аула клубтарында жасөспірімдермен және жастармен жұмыс, бекітілген аумақты тазалау
Қарағанды қаласының бюджеті
7004400
11
"Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі
35
Қарулы күштер қатарына шақыру бойынша тұрғындармен жұмыс, шақыру қағазын жеткізу
Қарағанды қаласының бюджеті
1885800
12
"Қарағанды қаласы Октябрь ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі
35
Қарулы күштер қатарына шақыру бойынша тұрғындармен жұмыс, шақыру қағазын жеткізу
Қарағанды қаласының бюджеті
1885800
13
Қарағанды қаласының әділет басқармасы
35
Әділет органдарында құжаттарды өңдеу жұмысы (халыққа қызмет көрсету орталықтарында)
Қарағанды қаласының бюджеті
1885800
14
"Қарағанды қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі
15
Жолаушылар мен такси жүгін тасымалдау шарттарын жасасу және тұрғын үй алуға кезекке қою бойынша құжаттарды өңдеу
Қарағанды қаласының бюджеті
808200
15
"Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі
15
Жергілікті ақпарат құралдарын контент-талдау, жастар ұйымдары мен ұлттық-мәдени орталықтардың мәліметтер базасын жаңарту
Қарағанды қаласының бюджеті
808200
16
"Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі
15
Электрондық база жүргізу, құжаттарды өңдеу жұмыстары
Қарағанды қаласының бюджеті
808200
17
"Қарағанды қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі
20
Тізілімдер мен хабарландыру хаттарды дайындау жұмысы, мұрағатқа тапсырылатын құжаттарды өңдеу
Қарағанды қаласының бюджеті
1077600
18
Қарағанды облысының ішкі істер Департаменті
144
Видео бақылау жүйесіндегі жедел басқару Орталығында жұмыс жасау
Қарағанды қаласының бюджеті
7758720
19
Қарағанды қаласының ішкі істер Басқармасы
306
Құжаттарды өңдеу жұмысы, шақыру қағаздары мен хаттарды жеткізу, құжаттардың санын толтыру мен тарату
Қарағанды қаласының бюджеті
16487280
20
"Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі
80
Әлеуметтік төлемдер алуға құқығы бар азаматтарды анықтау мақсатында аула аралау, қаланың әлеуметтік картасын нақтылау, құжаттарды өңдеу
Қарағанды қаласының бюджеті
4310400
21
Қазыбек би атындағы ауданның үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімше
20
Аула аралау, әлеуметтік картаны нақтылау, тексеру актілерін құру, аудан бойынша жалғызбасты қарт адамдарды анықтау
Қарағанды қаласының бюджеті
1077600
22
Октябрь ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімше
20
Аула аралау, әлеуметтік картаны нақтылау, тексеру актілерін құру, аудан бойынша жалғызбасты қарт адамдарды анықтау
Қарағанды қаласының бюджеті
1077600
23
"Қарағанды қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі
13
"Мекенжай тіркелімі" дерекқорындағы мекенжайлық ақпаратты нақты бар ақпаратпен салыстырмалы түрде тексеру
Қарағанды қаласының бюджеті
700440
24
"Қарағанды қаласының ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі
20
Ветеринарлық және ауыл шаруашылық қайта өңдеу обьектілерімен жұмыс
Қарағанды қаласының бюджеті
1077600
25
"Қарағанды қаласы қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі
10
Коммуналдық меншік обьектілерін түгендеу жұмыстары, мұрағатқа өткізілетін құжаттарды өңдеу
Қарағанды қаласының бюджеті
538800
26
Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
18
Дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыруға бағытталған жұмыссыздықтың санын өсірмеуге байланысты құжаттарды өңдеу
Қарағанды қаласының бюджеті
969840
27
"Қарағанды қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі
12
Дағдарысқа қарсы бағдарламаларды орындауға байланысты құжаттарды өңдеу
Қарағанды қаласының бюджеті
646560
28
Қарағанды мемлекеттік хайуанаттар бағы
10
Көркейту, аймақтарды тазалау
Қарағанды қаласының бюджеті
538800
29
"Қарағанды қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
12
Көркейту, көгалдандыру
Қарағанды қаласының бюджеті
646560
30
"Қазақавтожол" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қарағанды облыстық филиалы
60
Автомобиль жолдарын көгалдандыру және күтіп ұстау
Қарағанды қаласының бюджеті
3263260
Барлығы
1703
91788000