О внесении изменений и дополнений в постановление акимата от 14 января 2009 года № 29 "Об организации общественных работ на 2009 год" Қолданыста
Басқа 0
Әкімдіктің 2009 жылғы 14 қаңтардағы № 29 "2009 жылы қоғамдық жұмыстарды
ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20-бабының 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының негізінде Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әкімдіктің 2009 жылғы 14 қаңтардағы № 29 "2009 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9-3-100 нөмірімен тіркелген, "Арқалық хабары" қалалық апталық газетінде 2009 жылдың 30 қаңтардағы 4 (233) - нөмірінде жарияланған) қаулысының қосымшасына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
7-тармақ:
мынадай мазмұнда 2) тармақшамен толықтырылсын:
"2) Футбол алаңындағы газон шөбін егу мен тыңайтқыш беру, топырағын тырмалауға дайындауға қатысу" "адам саны" 4, "күндер" 42, "адам/күндер" 168;
"Жиыны" деген жолдағы "4", "52", "208" деген цифрлар "8", "47", "376" деген цифрлармен ауыстырылсын;
қосымшаға сәйкес 9-тармақпен толықтырылсын;
"Барлығы" деген жолдағы "500", "46,2", "23105" деген цифрлар "534", "44,9", "23958" деген цифрлармен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ.Ш. Шаяхметовқа жүктелсін.
КЕЛІСІЛДІ
Шаруашылық басқару құқығындағы
"Қазақавтожол" республикалық
мемлекеттік кәсіпорынының Қостанай
облыстық филиалының директоры
С. Қарабеков
Басқа 4
Қостанай облысы Арқалық қаласы
әкімдігінің 2009 жылғы
15 сәуірдегі 2009 жылғы № 129
қаулысына қосымша
рет номері
Кәсіпорындар атауы
Жарғының тіркелген
Жұмыс түрлері
Жұмыс көлемі
Адам саны
Күн-дер
Адам/күн
9.
Шаруашылық басқару құқығындағы "Қазақавтожол" республикалық мемлекеттік кәсіпорынының Костанай облыстық филиалы
2005 жылғы 25 қаңтар № 9081-1901-МК
Тармақша 1
1) Республикалық дәрежедегі Арқалық-Жезқазған-Петропавл автомобиль жолының 340-377 шақырымдарындағы, 340-294 шақырымдарындағы асфальт-бетон жамылғыларындағы шұқырларды жөндеуге қатысу.
250 шаршы метр
5
90
450
Тармақша 2
2) 340, 361 және 371 шақырымдардағы автопавильондарды ақтап, сырлауға қатысу.
3 павильон
5
15
75
Тармақша 3
3) 252-377 шақырымдардағы белгі бағаналары, шақырымдық көрсеткіштер, пано, жол белгілерін орнатуға қатысу.
35 дана
5
10
50
Тармақша 4
4) 252-377 шақырымдарда белгі бағаналары және 45 жол белгілері, 12 дана пано, 125 дана шақырымдық көрсеткіштерді ақтап, сырлауға қатысу.
5
15
75
Тармақша 5
5) Арқалық-Жезқазған-Петропавл автомобиль жолының 252-377 шақырымдарындағы белгі бағаналарының, пано, жол белгілері бермдерінің шөптерін қолмен шабуға қатысу.
1700 шаршы метр
5
5
25
Тармақша 6
6) 368 және 372 шақырымдардағы көпір мен қисықсызықтарды сырлау.
460 шаршы метр
5
2
10
Жиыны
х
30
22.8
685