О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 марта 2009 года № 317 «Об утверждении Правил присуждения и размеров образовательного гранта Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы «Өркен» для оплаты обучения одаренных детей в автономной организации образования «Назарбаев Интеллектуальные школы» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 317 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 317 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерінде: 21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «21. Гранттың мөлшерлері:
Тармақша 1
1) жатақханада тұруды есептемегенде жылына 2157759 (екi миллион бір жүз елу жеті мың жетi жүз елу тоғыз) теңгені;
Тармақша 2
2) жатақханада тұруды есептегенде жылына 3055432 (үш миллион елу бес мың төрт жүз отыз екi) теңгені құрайды.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.