О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 марта 2009 года № 317 "Об утверждении Правил присуждения и размеров образовательного гранта Первого Президента Республики Казахстан - Лидера Нации "Өркен" для оплаты обучения одаренных детей в специализированных организациях образования "Назарбаев Интеллектуальные школы" Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау ережесі мен мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 317 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау ережесі мен мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 317 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 15, 113-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлері бекітілсін.»; көрсетілген қаулымен бекітілген «Назарбаев Зияткерлік мектептері» мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау ережесі мен мөлшерінде: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлері»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлері (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау тәртібі мен мөлшерлерін айқындайды.»; 2-тармақта: бірінші абзацтағы «Ережеде» деген сөз «Қағидаларда» деген сөзбен ауыстырылсын; 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру гранты (бұдан әрі – грант) – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында (бұдан әрі – мектеп) дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын грант;»; 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. «Бiлiм беру ұйымдарының оқушылары болып табылатын, Назарбаев Зияткерлiк мектептерi» дербес білім беру ұйымының 7-9 және 11-сыныптарында оқуға үмiткер және жұмыс органы айқындаған талаптарға сәйкес құжаттар берген Қазақстан Республикасының азаматтары (бұдан әрi – үмiткерлер) конкурсқа қатысуға жiберiледi.»; 11-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «11. 8-9 және 11-сыныптарда оқуға үміттенетін білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған конкурс екі кезеңнен тұрады және жұмыс органы айқындайтын тәртіппен өткізіледі.»; 13-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «13. Комиссия нақты мектептер бойынша бөлінген гранттар шегінде екінші кезең нәтижелері бойынша неғұрлым жоғары балл жинаған 8-9 және 11-сыныптарда оқуға үміткерлерге грант тағайындайды.»; 16-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Екінші кезеңнің қорытындысы бойынша әрбір пән бойынша ықтимал ең жоғары балдың отыз бес және одан да көп пайызын жинаған, бірақ бос орындардың болмауына байланысты мектепке қабылданбаған 8-9 және 11-сыныптарда оқуға үміткерлер резервтік тізімге енгізіледі.»; 17-тармақта: екінші абзацтағы «Ереженің» деген сөз «Қағидалардың» деген сөзбен ауыстырылсын; үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «8-9 және 11-сыныптарда оқу үшін резервтік тізімнен кандидатты айқындау кезінде екінші кезеңнің қорытындысы бойынша балл саны тең болған жағдайда үміткерлерге грант осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген тәртіппен тағайындалады.»; ескертпе* мынадай редакцияда жазылсын: «Ескертпе: *дәлелді себептерге сырқаттану, жақын туыстарының қайтыс болуы, еңсерілмейтін күш мән-жайлары (форс-мажор), оқушының шет елге оқуға кетуі жатады.»; 21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «21. Гранттың мөлшерлері: 1)жатақханада тұруды есептемегенде жылына 1 656 433 (бір миллион алты жүз елу алты мың төрт жүз отыз үш) теңгені; 2)жатақханада тұруды есептегенде жылына 2 554 900 (екі миллион бес жүз елу төрт мың тоғыз жүз) теңгені құрайды. Гранттың мөлшерлері жыл сайын индекстеуге жатады.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.