О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 марта 2009 года № 330 «Об утверждении перечня гарантированного объема специальных социальных услуг» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 330 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 330 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 15, 120-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесінде: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемі мына қызмет алушыларға ұсынылады: 1) психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балалар (бұдан әрі – балалар); 2) тірек-қозғалыс аппараты бұзылған мүгедек балалар (бұдан әрі – ТҚА бұзылған балалар); 3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектер (бұдан әрі – 18 жастан асқан адамдар); 4) бірінші және екінші топтағы мүгедектер (бұдан әрі – мүгедектер); 5) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасауға қабілетсіз адамдар (бұдан әрі – қарттар); 6) белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар (бұдан әрі – үйсіз адамдар); 7) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдар (отбасылар).».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.