О внесении изменений в решение акима аульного округа Жибек жолы от 14 мая 2009 года № 37 "О переименовании и присвоении наименований улицам аула Жибек жолы" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.11.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Жібек жолы ауылындағы көше атауларын өзгерту және жаңа атаулар беру туралы" Жібек жолы ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 14 мамырдағы № 37 шешіміне өзгерістер енгізу туралы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына сәйкес, Жібек жолы ауылындағы 2009 жылғы 21 қазандағы тұрғындар жиналысының хаттамасын есепке ала отырып, Жібек жолы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Жібек жолы ауылдық округ әкімінің «Жібек жолы ауылындағы көше атауларын өзгерту және жаңа атаулар беру туралы» 2009 жылғы 14 мамырдағы № 37 (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-4-146 болып тіркелген, 2009 жылдың 27 маусымында «Вперед», 2009 жылдың 26 маусымында «Аршалы айнасы» аудандық газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: 1 тармақтағы 2 азат жолында «Желтоқсан» сөзі «Шоқан Уәлиханов» сөзіне ауыстырылсын; 2 тармақтағы «Әлия Молдағұлова» сөзі «Ақан Құрманов» сөзіне ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Аршалы аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: Аршалы ауданының «Сәулет және қала құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекеменің бастығы А. Ибраев «Аршалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекеменің бастығы А. Гросс