О ратификации Протокола между Правительством Республики Казахстан и Кабинетом Министров Украины о внесении изменений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Кабинетом Министров Украины об условиях размещения дипломатических представительств Республики Казахстан в Украине и Украины в Республике Казахстан от 14 сентября 2010 года Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.12.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер Кабинетінің арасындағы 2010 жылғы 14 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер Кабинетінің арасындағы Қазақстан Республикасының Украинадағы және Украинаның Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктерін орналастыру шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы 2011 жылғы 29 тамызда Киевте жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер Кабинетінің арасындағы 2010 жылғы 14 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер Кабинетінің арасындағы Қазақстан Республикасының Украинадағы және Украинаның Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктерін орналастыру шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама ратификациялансын. 📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық хаттаманың мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық хаттамасының жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық хаттамаларын тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер Кабинетінің арасындағы 2010 жылғы 14 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер Кабинетінің арасындағы Қазақстан Республикасының Украинадағы және Украинаның Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктерін орналастыру шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы ХАТТАМА (2011 жылғы 26 желтоқсанда күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты) Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер Кабинеті, 2010 жылғы 14 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер Кабинетінің арасындағы Қазақстан Республикасының Украинадағы және Украинаның Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктерін орналастыру шарттары туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 7-бабын басшылыққа ала отырып, төмендегілер туралы келісті:
Бап 1. 1-бап
1-бап Келісімнің 2-бабының 1-абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан тарапы Украина тарапына өзінің дипломатиялық өкілдігін орналастыру үшін Астана қаласындағы Арғанаты көшесі, 20 мекен жайы бойынша орналасқан, алаңы 0,9187 га. жер учаскесін жылына 1 теңге жалгерлік ақыға 49 жылға өзаралық шарттарымен жалға береді.».
Бап 2. 2-бап
2-бап Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді. Осы Хаттама өз қолданысын Келісімнің қолданысы тоқтатылған кезде бір мезгілде тоқтатады. 2011 жылғы 29 тамызда Киев қаласында әрқайсысы қазақ, украин және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің бірдей күші бар. Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады. Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін Украинаның Министрлер Кабинеті үшін 2011 жылғы 29 тамызда Киев қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер Кабинетінің арасындағы 2010 жылғы 14 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер Кабинетінің арасындағы Қазақстан Республикасының Украинадағы және Украинаның Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктерін орналастыру шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың куәландырылған көшірмесі екендігін растаймын. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық құқық департаментінің Кеңесшісі Б. Мәшіков