О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2010 года № 302 и от 30 декабря 2010 года № 1467 Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.05.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 және 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1467 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі иңдустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 29, 225-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында: «Институционалдық қайта құру» деген 3-бөлімде: «Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық базаны жетілдіру» деген 3.1-кіші бөлімде: реттік нөмірі 37-жолдың 2-бағанындағы «Индустриялық саясат туралы» деген сөздер «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2011 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1467 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2011 жылға арналған жоспарында: реттік нөмірі 5-жолда: 2-баған мынадай редакцияда жазылсын: «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы»; реттік нөмірі 6-жолда: 2-баған мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»; реттік нөмірлері 30, 31 және 32-жолдарда: 3-бағандағы «Әділетмині» деген аббревиатура «IIМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын; 7-бағандағы «Ә.Т. Аманбаев» деген сөздер «А.Ж. Күреңбеков» деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                      К. Мәсімов