О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2010 года № 302 Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.09.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
Тармақ 2
«2. Аумақтық даму» деген бөлімде:
Тармақ 2.1
«2.1. Өңірлерді дамыту бағдарламасын әзірлеу» деген кіші бөлімде: реттік нөмірі 25-жолдың 5-бағанындағы «шілде» деген сөз «қазан» деген сөзбен ауыстырылсын; реттік нөмірі 26-жолдың 5-бағанындағы «тамыз» деген сөз «желтоқсан» деген сөзбен ауыстырылсын.
Тармақ 2.2
«2.2. Экономикалық әлеуетті ұтымды аумақтық ұйымдастыру» деген кіші бөлімде: реттік нөмірі 35-жолдың 5-бағанындағы «қыркүйек» деген сөз «1 желтоқсан» деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                           К. Мәсімов