О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2010 года № 303 "О Карте индустриализации Казахстана на 2010 - 2014 годы" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қазақстанды индустрияландырудың 2010 - 2014 жылдарға арналған картасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 303 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстанды индустрияландырудың 2010-2014 жылдарға арналған картасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 303 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстанды индустрияландырудың 2010-2014 жылдарға арналған картасында: реттік нөмірі 6-2-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 6-2. Фер­ро­қо­рыт­па­лар өн­ді­рі­сін және оның ши­кі­заттық ба­за­сын, қу­ат­ты­лы­ғын жы­лы­на 300 мың тон­на фер­ро­қо­рыт­па­ға жет­кі­зе оты­рып, әр­та­рап­тан­ды­ру және ке­ңей­ту ИЖТМ Жам­был об­лы­сы «Та­раз ме­тал­лур­гия за­уы­ты» ЖШС 2011 - 2014 жыл­дар "; мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 6-6-жолмен толықтырылсын: « 6-6. Ба­қыр­шық ке­нор­нын­да ме­тал­лур­ги­я­лық ке­шен са­лу және өнім­ді­лі­гі жы­лы­на 1,5 млн. тон­на кен бо­ла­тын же­ра­с­ты ке­ні­шін иге­ру ИЖТМ ШҚО «Ба­қыр­шық тау-кен өн­ді­ру кә­сі­пор­ны» ЖШС 2011 - 2013 жыл­дар "; 6-бағанда: реттік нөмірі 7-жолдағы «2015» деген сандар «2016» деген сандармен ауыстырылсын; реттік нөмірі 14-жолдағы «2015» деген сандар «2017» деген сандармен ауыстырылсын; реттік нөмірі 15-жолдағы «2012» деген сандар «2013» деген сандармен ауыстырылсын; реттік нөмірі 17-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 17. «Хим­фарм» АҚ-ның өн­ді­рі­сін ке­ңей­ту «Са­мұ­рық-Қа­зы­на» ҰӘҚ» АҚ Өңі­ра­ра­лық жо­ба «Хим­фарм» АҚ 2009 - 2013 жыл­дар »; реттік нөмірі 18-жолдың 6-бағанындағы «2011» деген сандар «2012» деген сандармен ауыстырылсын; реттік нөмірі 25-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: «Жетіген - Қорғас» темір жол желілерін салу (1-ші іске қосу кешені - 2011 жыл; 2-ші іске қосу кешені - 2012 жыл)»; реттік нөмірі 26-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 26. «Өзен - Тү­рік­мен­стан­мен мем­ле­кет­тік ше­ка­ра» жа­ңа те­мір жол же­лі­сін са­лу (1-ші іс­ке қо­су ке­ше­ні - 2011 жыл; 2-ші іс­ке қо­су ке­ше­ні - 2012 жыл) «Са­мұ­рық-Қа­зы­на» ҰӘҚ» АҚ Маң­ғы­стау об­лы­сы «Қа­зақ­стан те­мір жо­лы» ҰК» АҚ 2009 - 2012 жыл­дар »; 6-бағанда: реттік нөмірі 28-жолдағы «2011» деген сандар «2012» деген сандармен ауыстырылсын; реттік нөмірі 30-жолдағы «2012» деген сандар «2013» деген сандармен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 35-1-жолмен толықтырылсын: « 35-1. Аста­на қа­ла­сын­да «Talgo» жо­ла­у­шы­лар ва­го­ны өн­ді­рі­сін ұй­ым­да­сты­ру «Са­мұ­рық-Қа­зы­на» ҰӘҚ» АҚ Аста­на қа­ла­сы «Қа­зақ­стан те­мір жо­лы» ҰК» АҚ 2010 - 2011 жыл­дар »; реттік нөмірі 36-жол алынып тасталсын; реттік нөмірлері 39, 41, 42-жолдардың 3-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: «Қостанай облысының әкімдігі»; 6-бағанда: реттік нөмірлері 40, 48-жолдардағы «2011» деген сандар «2012» деген сандармен ауыстырылсын; реттік нөмірі 56-2-жолдағы «2014» деген сандар «2011» деген сандармен ауыстырылсын; реттік нөмірі 56-3-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 56-3. Дә­рі­лік заттар шы­ға­ру за­уы­ты Ақ­тө­бе об­лы­сы­ның әкім­ді­гі Ақ­тө­бе об­лы­сы «Ве­лес Ақ­тө­бе ЛТД» ЖШС 2010 - 2011 жыл­дар »; реттік нөмірі 57-жол алынып тасталсын; 6-бағанда: реттік нөмірі 58-2-жолдағы «2011» деген сандар «2013» деген сандармен ауыстырылсын; реттік нөмірі 58-3-жолдағы «2011» деген сандар «2012» деген сандармен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 58-4, 58-5, 59-2, 59-3-жолдармен толықтырылсын: « 58-4. «ЭЛЕ­АС» фар­ма­цев­ти­ка за­уы­тын са­лу Ал­ма­ты об­лы­сы­ның әкім­ді­гі Ал­ма­ты об­лы­сы «ЭЛЕ­АС» ПФК» ЖШС 2010 - 2013 жыл­дар 58-5. Ме­ди­ци­на­лық мақ­сат­та­ғы бұй­ым­дар мен дә­рі­лік заттар шы­ға­ра­тын фар­ма­цев­ти­ка за­уы­тын са­лу Ал­ма­ты об­лы­сы­ның әкім­ді­гі Ал­ма­ты об­лы­сы «Dolce» ЖШС 2010 - 2013 жыл­дар »; « 59-2. Бір рет қол­да­ны­ла­тын шприц­тер шы­ға­ру за­уы­тын ке­ңей­ту Аты­рау об­лы­сы­ның әкім­ді­гі Аты­рау об­лы­сы «Бран­до» ЖШС 2011 жыл 59-3. Иин­фу­зи­я­лық ері­т­ін­ді­лер­ді құю үшін си­сте­ма­лар және бір рет қол­да­ны­ла­тын қол­ғап­тар шы­ға­ра­тын за­уыт Аты­рау об­лы­сы­ның әкім­ді­гі Аты­рау об­лы­сы «Бран­до» ЖШС 2011 жыл »; 6-бағанда: реттік нөмірі 70-жолдағы «2012» деген сандар «2014» деген сандармен ауыстырылсын; реттік нөмірі 71-жолдағы «2011» деген сандар «2012» деген сандармен ауыстырылсын; реттік нөмірі 74-3-жолдағы «2012» деген сандар «2011» деген сандармен ауыстырылсын; реттік нөмірлері 74-4, 74-5, 95-жолдардағы «2011» деген сандар «2012» деген сандармен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 100-5-жолмен толықтырылсын: « 100-5. Ме­ди­ци­на­лық мақ­сат­та­ғы бұй­ым­дар шы­ға­ру Ал­ма­ты қа­ла­сы­ның әкім­ді­гі Ал­ма­ты қа­ла­сы «Ал­ме­рек» ЖШС 2011 жыл ».
Тармақ 2
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
Тармақша 1
1) бір апта мерзімде өңірлік индустрияландыру карталарына енгізілетін жаңа жобалардың тізбесін Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен келіссін;
Тармақша 2
2) екі апта мерзімде өңірлік индустрияландыру карталарына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                           К. Мәсімов