О внесении изменений в решение маслихата от 14 ноября 2014 года № 193 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәслихаттың 2014 жылғы 14 қарашадағы № 193 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына сәйкес Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2014 жылғы 14 қарашадағы № 193 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5209 болып тіркелген, 2014 жылғы 26 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінде: 2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «2. Тұрғын үй көмегін «Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) тоқсанына бір рет тағайындайды. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы (бұдан әрі - портал) балама негізде өтініш береді және «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11015 болып тіркелген) көрсетілген құжаттарды ұсынады.»; 3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «3. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін Стандарттың 4-тармағында көзделген мерзімде ұсынады.».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» «Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының уақытша міндетін атқарушы _______________ И. Шамсутдинов 2018 жылғы 23 қараша