О внесении изменения в решение маслихата от 14 ноября 2014 года № 193 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи" Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәслихаттың 2014 жылғы 14 қарашадағы № 193 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2014 жылғы 14 қарашадағы № 193 «Тұрғын үй көмегін көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5209 тіркелген, 2014 жылғы 31 желтоқсанда «Әулиекөл» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінде: 1-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын: «1) жекешелендірілген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ «Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы ___________________________ Айсин Ә.С. 2015 жылғы «23» ақпан