О внесении изменения в решение маслихата от 14 ноября 2014 года № 193 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи» Күшін жойған
Басқа 0
Мәслихаттың 2014 жылғы 14 қарашадағы
№ 193 «Тұрғын үй көмегін көрсету
ережесін бекіту туралы» шешіміне
өзгеріс енгізу туралы
Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2014 жылғы 14 қарашадағы № 193 «Тұрғын үй көмегін көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5209 тіркелген, 2014 жылғы 31 желтоқсанда «Әулиекөл» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінде:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті «Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-уәкілетті орган) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны(бұдан әрі - ХҚКО) 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бекітілген қаулысымен «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады;
2) «электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
«Әулиекөл ауданы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік
мекемесі басшысының міндетін
атқарушы
__________________________
Тетерюк Л.Е.
2015 жылғы «21» желтоқсан