О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 14 апреля 2015 года № 344 «Об утверждении стандарта государственной услуги «Оформление приглашений на въезд в Республику Казахстан по частным делам»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 14 апреля 2015 года № 344 «Об утверждении стандарта государственной услуги «Оформление приглашений на въезд в Республику Казахстан по частным делам»
- Атауы (қаз.)
- «Жеке істері бойынша Қазақстан Республикасына кіруіне шақыруларды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 344 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 618
- Қабылданған күні
- 23.07.2015
- Көрсетілген редакция
- 29.12.2018 95683_384589.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.12.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500012257
- ЭКБ идентификаторы
- 95683
- Редакция идентификаторы
- 95683_384589
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:00
0 «Жеке істері бойынша Қазақстан Республикасына кіруіне шақыруларды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 344 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына, Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 538-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Жеке істері бойынша Қазақстан Республикасына кіруіне шақыруларды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 344 бұйрығына (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер тізілімінде 2015 жылғы 20 мамырда № 11101 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 12 маусымда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жеке істері бойынша Қазақстан Республикасына кіруіне шақыруларды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы түрде көрсетіледі. Мемлекеттiк қызмет көрсетiлгенi үшiн мемлекеттiк баж алынады, ол 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 538-бабына сәйкес мемлекеттiк баж төлеу күніне белгiленген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінің 50 пайызын құрайды.».
2 2. Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон полициясы департаменті:
1 1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттік тiркеудi;
2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрiнiң Көшi-қон полициясы департаментіне (С.С. Сайынов) жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
_____________________ Ә. Исекешев
2015 жылғы 6 қазан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
____________________Е. Досаев
2015 жылғы 4 тамыз