О внесении изменения в постановление акимата города Караганды от 14 октября 2015 года № 49/02 «Об определении критериев по выбору видов отчуждения коммунального имущества города Караганды» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қарағанды қаласының коммуналдық мүлкін иеліктен алу түрлерін таңдау бойынша өлшемдерді белгілеу туралы» Қарағанды қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 14 қазандағы №49/02 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қарағанды қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 14 қазандағы №49/02 «Қарағанды қаласының коммуналдық мүлкін иеліктен алу түрлерін таңдау бойынша өлшемдерді белгілеу туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3491 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 желтоқсанда «Индустриальная Караганда» № 184 (21935) және «Орталық Қазақстан» №209-210 (22094) газеттерінде, 2015 жылғы 30 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін: кіріспе келесі редакцияда баяндалсын: «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» №920 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы «Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» №1141 қаулысына сәйкес Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».
Тармақ 2
2. Қарағанды қаласы әкімдігінің «Қарағанды қаласының коммуналдық мүлкін иеліктен алу түрлерін таңдау бойынша өлшемдерді белгілеу туралы» Қарағанды қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 14 қазандағы №49/02 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары А.С. Молдабаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.