О внесении изменения в решение акима Каракиянского района от 14 августа 2015 года № 61 «Об образовании избирательных участков» Күшін жойған
Басқа 0
Қарақия ауданы әкімінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 61 «Сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қарақия ауданы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Сайлау учаскелерін құру туралы» Қарақия ауданы әкімінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 61 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2813 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімге қосымшада:
№ 162 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:
«№ 162 сайлау учаскесі
Орталығы: Құрық ауылы, Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Қарақия аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, А блогы, телефон/факс: 8/72937/ 2-18-39.
Шекарасы: Құрық ауылының 3,10, 13 шағын аудандарының барлық үйлері, Сәтпаев көшесінің № 13-29, 29-2, 31, 31-2, 35, 37, 39, 41, 43 үйлері, М.Маметова көшесінің № 15-43а үйлері, С.Әлиев көшесінің № 16-44 үйлері, Ш.Уалиханов көшесінің № 15-28 үйлері, Жангельдин көшесінің № 11, 13, 15-28, үйлері.».
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарақия ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қарақия аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы