О внесении изменений в решение акима Каракиянского района от 14 августа 2015 года № 61 «Об образовании избирательных участков» Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарақия ауданы әкімінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 61 «Сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қарақия ауданы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Сайлау учаскелерін құру туралы» Қарақия ауданы әкімінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 61 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2813 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімге қосымша осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. № 157 сайлау учаскесі алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қарақия аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
Басқа 4
Қарақия ауданы әкімінің «___»______2026 жылғы №____ шешіміне қосымша Қарақия ауданы әкімінің 14 тамыз 2015 жылғы № 61 шешіміне қосымша Қарақия ауданы бойынша сайлау учаскелері № 145 сайлау учаскесі Орталығы: Құрық ауылы, Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қарақия аудандық Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты, телефон: 8/72937/ 2-14-85. Шекарасы: Құрық ауылының 1 шағын ауданының барлық үйлері, 2 шағын ауданының № 4-47 үйлері, С.Датұлы, Қ.Сүйеуов, Ардагер, Подстанция көшелерінің барлық үйлері, Абай көшесінің № 2, 4, 6, 8, 10, 14, 18, 20, 22, 24, 26, 28, 28-2 үйлері. ». № 146 сайлау учаскесі Орталығы: Құрық ауылы, Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Қарақия аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Б блогы, телефон: 8/72937/ 2-18-39. Шекарасы: Құрық ауылының 2 шағын ауданының № 49-55, 100-101, 229-232 үйлері, 3 «А», 4, 5, 9, 14 шағын аудандарының барлық үйлері, Карьер, Барлаушылар массиві көшелерінің барлық үйлері. ». № 147 сайлау учаскесі Орталығы: Құрық ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «№ 6 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон: 8/72937/ 2-11-89. Шекарасы: Құрық ауылы, Абай көшесінің № 1,3,5,7, 9,11,15,15-1,17, 17-2, 21,23, 25, 27 үйлері, Ш.Уалиханов көшесінің №1-14/1 үйлері, Сәтпаев көшесінің № 1-14а үйлері, Жангельдин көшесінің № 1-10/1, 14 үйлері, Маметова көшесінің № 1-14 үйлері, С.Әлиев көшесінің № 1-25 үйлері, Жолаушылар массиві, Т.Әлиев, Автобаза, Қазақ ауыл, Ғ.Балмұханбетов көшелерінің барлық үйлері, «Қызылқұм» жері. ». № 148 сайлау учаскесі Орталығы: Құрық ауылының Қарақия теміржол станциясы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «№ 11 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, В блогы, телефон: 8/72937/ 7-15-40. Шекарасы: Құрық ауылының Қарақия теміржол станциясының барлық үйлері.». № 149 сайлау учаскесі Орталығы: Мұнайшы ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «№ 5 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон: 8/72935/ 27-0-55. Шекарасы: Мұнайшы ауылының Теміржолшы, Ардагер, Арман, Көктем, Бәйтерек шағын аудандарының, Қазақ ауыл көшесінің барлық үйлері.». № 150 сайлау учаскесі Орталығы: Мұнайшы ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «№ 7 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон: 8/72935/ 28-2-73. Шекарасы: Мұнайшы ауылының Салтанат, Жаңақұрылыс, Ақбөбек-1, Ақбөбек-2, Мұрагер, Жаңақұрылыс-2, ВПЧ-18 шағын аудандары.». № 151 сайлау учаскесі Орталығы: Жетібай ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «Зердебай Бекарыстанұлы атындағы № 3 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон: 8/72935/ 26-2-30. Шекарасы: Жетібай ауылының, Жаңақұрылыс шағын ауданының № 1-36 үйлері, Геофизика, Ш.Ыбырайымұлы, 2-ауыл шағын аудандарының барлық үйлері, Аэропорт шағын ауданының № 1-199 үйлері. ». № 152 сайлау учаскесі Орталығы: Жетібай ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «№ 4 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон: 8/72935/ 26-1-41. Шекарасы: Жетібай ауылының, Астана, Қ. Күржіманұлы, Мұнайшы-2 шағын аудандарының барлық үйлері, Аэропорт шағын ауданының № 200-368 үйлері. ». № 153 сайлау учаскесі Орталығы: Жетібай ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «Өскенбай Қалманбетұлы атындағы Жетібай балалар өнер мектебі» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты, телефон: 8/72935/ 26-5-51. Шекарасы: Жетібай ауылының, Мұнайшы-1, М. Өскінбаев, Төлендиев шағын аудандарының барлық үйлері, Т. Әубәкіров шағын ауданының № 92-257 үйлері. ». № 154 сайлау учаскесі Орталығы: Жетібай ауылы, Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қарақия аудандық Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Жетібай ауылдық мәдениет үйінің ғимараты, телефон: 8/72935/ 26-1-30. Шекарасы: Жетібай ауылының, Жаңақұрылыс шағын ауданының № 37-186, 217-255 үйлері, Ұлутас шағын ауданының барлық үйлері.». № 155 сайлау учаскесі Орталығы: Жетібай ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «№ 8 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон: 8/72935/ 26-1-90. Шекарасы: Жетібай ауылының, Ж. Мыңбаев, Ө. Қалманбетұлы, Т. Әлиев, С. Жаңғабылұлы шағын аудандарының барлық үйлері, Жаңақұрылыс шағын ауданының № 187-216 үйлері, Т. Әубәкіров шағын ауданының № 1-91 үйлері, Шұқырой, Шынжыр, Асар, Қонай-қора шаруа қожалықтары.». № 156 сайлау учаскесі Орталығы: Сенек ауылы, Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қарақия аудандық Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Сенек ауылдық мәдениет үйінің ғимараты, телефон: 8/72937/ 31-4-52. Шекарасы: Сенек ауылының және Аққұдық елді мекенінің барлық үйлері.». № 158 сайлау учаскесі Орталығы: Бостан ауылы, Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қарақия аудандық Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Бостан ауылдық мәдениет үйінің ғимараты, телефон: 8/72937/ 61-0-07. Шекарасы: Бостан ауылының барлық үйлері.». № 159 сайлау учаскесі Орталығы: Құланды ауылы, Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қарақия аудандық Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Құланды ауылдық мәдениет үйінің ғимараты, телефон: 8/72937/ 55-0-60. Шекарасы: Құланды ауылының барлық үйлері.». № 160 сайлау учаскесі Орталығы: Болашақ ауылы, Болашақ станциясы, 210 құрылыс, спорт кешені ғимараты, телефон: 8/7292/ 46-25-67. Шекарасы: Болашақ ауылының және Бопай елді мекенінің барлық үйлері.». № 161 сайлау учаскесі Орталығы: Құрық ауылы, Маңғыстау шағын ауданы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «№ 11 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон: 8/72937/ 5-24-96. Шекарасы: Маңғыстау шағын ауданының барлық үйлері.». № 162 сайлау учаскесі Орталығы: Құрық ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының «Қарақия кәсіптік колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимараты, телефон: 8/72937/ 2-22-80. Шекарасы: Құрық ауылының 3, 10, 13 шағын аудандарының барлық үйлері, Сәтпаев көшесінің № 13-29, 29-2, 31, 31-2, 33, 33-2, 35, 37, 39, 41, 43 үйлері, М. Маметова көшесінің № 15-43а үйлері, С. Әлиев көшесінің № 16-44 үйлері, Ш. Уалиханов көшесінің № 15-28 үйлері, Жангельдин көшесінің № 11, 13, 15-28, үйлері. ».