О внесении изменения в приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 14 июля 2016 года № 124 «Об утверждении натуральных норм специальных транспортных средств для транспортного обслуживания органов прокуратуры» Күшін жойған
Басқа 0
«Прокуратура органдарына көлік қызметін көрсету үшін арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 14 шілдедегі № 124 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Прокуратура органдарына көлік қызметін көрсету үшін арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 14 шілдедегі № 124 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14138 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 8 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына, «Прокуратура туралы» 2017 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қаржы департаменті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
2019 жылғы «__» _______