О внесении изменений в постановление акимата города Актау от 14 декабря 2016 года № 2272 «Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера подушевого финансирования и родительской платы на 2017 год»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата города Актау от 14 декабря 2016 года № 2272 «Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера подушевого финансирования и родительской платы на 2017 год»
- Атауы (қаз.)
- Ақтау қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 14 желтоқсандағы № 2272 «2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2133
- Қабылданған күні
- 02.11.2017
- Көрсетілген редакция
- 02.11.2017 116087_255512.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.11.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17MA003460
- ЭКБ идентификаторы
- 116087
- Редакция идентификаторы
- 116087_255512
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:24
0 Ақтау қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 14 желтоқсандағы
№2272 «2017 жылға арналған
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға
мемлекеттік білім беру тапсырысын,
жан басына шаққандағы
қаржыландыру және ата-ананың
ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы»
қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңдарына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Ақтау қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 14 желтоқсандағы №2272 «2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3247 болып тіркелген, 2017 жылдың 24 қаңтарындағы №11 (9197) «Маңғыстау» газетінде және 2017 жылдың 24 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы»;
көрсетілген қаулының 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.»;
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. «Ақтау қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (С.Тулебаева) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т. Көшмағанбетовке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
«Ақтау қалалық білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
С.Д. Тулебаева _______________
«02»_11_ 2017 жыл
5 Ақтау қаласы әкімдігінің
2017 жылғы 2 қарашадағы
№ 2133 қаулысына қосымша
Ақтау қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 2272 қаулысына қосымша
2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымда
рындағы топтар
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны (жеке меншік, мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар)
Мектепке дейінгі ұйымдарда
ата-ананың бір айдағы төлемақы мөлшері (теңге) (жеке меншік, мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар)
Бала
бақ
ша
Мектеп жанын
дағы
толық
күн бола
тын шағын-орта
лықтар
Мек
теп жанын
дағы жарты
күн бола
тын шағын-орта
лықтар
Дербес толық
күн бола
тын
шағын-орта
лықтар
Дербес жарты
күн
бола
тын
шағын-орта
лықтар
Бала
бақ
ша
Мектеп жанын
дағы
толық
күн бола
тын шағын-орта
лықтар
Мектеп жанын
дағы жарты
күн бола
тын шағын-орта
лықтар
Дербес
толық
күн бола
тын
шағын-орта
лықтар
Дербес жарты
күн бола
тын
шағын-орта
лықтар
1-ден 3-ке дейінгі топтар
248
1502
11613
11613
4-тен 5-ке дейінгі топтар
224
11613
6-дан 7-ге дейінгі топтар
304
11613
8-ден 9-ға дейінгі топтар
275
11613
10-нан және оданда артық топтар
10405
11613