О внесении изменений в постановление акимата Исатайского района Атырауской области от 14 ноября 2016 года № 241 «Об установлении квоты для трудоустройства граждан Исатайского района из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации» Күшін жойған
Басқа 0
Атырау облысы Исатай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қарашадағы №241«Исатай ауданында кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес Атырау облысы Исатай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігінің 2016 жылғы 14 қарашадағы №241«Исатай ауданында кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3702 болып тіркелген, 2016 жылы 22 желтоқсанда «Нарын таңы» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) қаулының тақырыбы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«Исатай ауданында кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы»;
Тармақша 2
2) қаулының 1- тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«1. Ұйымдардың тізімдік санының бір пайыз мөлшерінде Исатай ауданында кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білімберу ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгіленсін.».
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Өтеғалиевке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.