О внесении изменении в постановление Индерского районного акимата от 14 ноября 2016 года № 245 «Об установлении квоты для трудоустройства граждан Индерского района из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования» Күшін жойған
Басқа 0
Индер ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қарашадағы № 245 «Индер ауданында
кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған
немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім
беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтарды
жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу
туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 - баптарына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 - бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Индер ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қарашадағы №245 «Индер ауданында кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3710 болып тіркелген, 2017 жылы 5 қаңтардағы «Дендер» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) қаулының тақырыбы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«Индер аудандық ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтардың жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарынан квота белгілеу туралы»;
Тармақша 2
2) мемлекеттік тілдегі мәтінде қаулының 1-тармағы келесі редакцияда мазмұнндалсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Ұйымдардағы қызметкерлердің тізімдік санының бір пайызы мөлшерінде Индер аудандық ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтардың жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарынан квота белгіленсін».
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Индер ауданы әкімінің орынбасары Д.Шамұратовқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.