О внесении изменений в решение районного маслихата от 14 июня 2017 года № 110 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Темирском районе» Күшін жойған
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 14 маусымдағы № 110 «Темір ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына сәйкес, Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Темір аудандық мәслихатының 2017 жылғы 14 маусымдағы № 110 «Темір ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5599 тіркелген, 2017 жылы 25 шілдеде «Темір» газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешіммен айқындалған Темір ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерінде және тәртібінде:
8 тармак келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
«8. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы 2020 жылғы 16 қазандағы № 539 «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 21500 тіркелген бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.»;
9 тармақта:
екінші абзацтағы «осы Ереженің» деген сөздер «осы Темір ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшеріндегі және тәртібінің» деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. «Темір аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.