О внесении изменения в решение Кызылординского областного маслихата от 14 июля 2017 года № 134 «Об утверждении Правил регулирования миграционных процессов в Кызылординской области» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қызылорда облысындағы көші-қон процестерін реттеу Қағидаларын бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы 14 шілдедегі № 134 шешіміне өзгеріс енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-6-тармағына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Қызылорда облысындағы көші-қон процестерін реттеу Қағидаларын бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы 14 шілдедегі № 134 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5942 нөмірімен тіркелген, 2017 жылдың 30 тамызында Қазақстан Республикасның нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: Көрсетілген шешіммен бекітілген, Қызылорда облысындағы көші-қон процестерін реттеу Қағидаларында: бүкіл мәтін бойынша «оралмандарды», «оралмандардың» және «оралмандар» деген сөздер тиісінше «қандастарды», «қандастардың» және «қандастар» деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.